Меню KDT

Новости

Главная Новости

16.09.2026

«Абайлаңыз, балалар!»

«№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де 1–4 сынып оқушылары арасында балалардың жол-көлік жарақатының алдын алуға арналған «Абайлаңыз, балалар!» онкүндігі аясында «Жол – балалардың көзімен» атты сурет байқауы өтуде.

16.09.2026

2026 жылғы 16 қыркүйекте «Ковыльный орта мектебі» КММ-де мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыруды бақылау жөніндегі бракераж комиссиясының жұмысы өтті. Комиссия жұмысы барысында дайындалған тағамдардың сапасы мен қауіпсіздігіне, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауға, азық-түлікті сақтау шарттарына, сондай-ақ қажетті құжаттаманы жүргізуге ерекше назар аударылды. Комиссия мүшелері тағамдардың органолептикалық көрсеткіштерін, олардың сыртқы түрін, иісін, консистенциясын және белгіленген талаптарға сәйкестігін тексерді. Сондай-ақ тамақтану нормаларын сақтауға және ыстық тамақты ұйымдастыру үшін қауіпсіз жағдайлар жасауға назар аударылды. Оқушыларды сапалы және қауіпсіз тамақтандыру - балалардың денсаулығын сақтау мен олардың әл-ауқатын қамтамасыз етудің маңызды құрамдас бөлігі. Бракераж комиссиясының жұмысы мектептегі тамақтану сапасын бақылауды қамтамасыз етуге және барлық қажетті талаптарды сақтауға бағытталған. #КовыльныйОртаМектебі #МектепТамақтануы

16.09.2026

«Зорлық-зомбылықтың»

Шу ауданы Төле би ауылы Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) қыркүйек айының 16 күні кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және алдын-алу мәселелері бойынша Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары 9-11 сынып оқушыларымен түсіндірме жұмыстарын өткізді. Казіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылық, «Зорлық-зомбылықтың» алдын-алу, кәмелеттік жасқа толмағандардың түнгі сағат 22.00-ден таңғы сағат 06.00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде ата-ананың қарауынсыз жүруге болмайтындығы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

16.09.2026

Тіл мерейі–ел мерейі

<div>2026 жылдың 16 қыркүйек күні Қазақстан халқы тілдері күніне орай «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де «Тіл мерейі–ел мерейі» атты үш тілде мәнерлеп оқу шарасы ұйымдастырылды.</div>

15.09.2026

«Тіл білгірлері»

2026 жылдың 15 қыркүйек күні Қазақстан халқы тілдері күніне орай «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де «Тіл білгірлері» атты зияткерлік-танымдық ойын өткізілді.

15.09.2026

"Менің жетістігім — менің нәтижем"

"№2 Новоишим орта мектебі " КММ 1-11 сыныптарда"Менің жетістігім — менің нәтижем" тақырыбына сынып сағаттары өтті.

15.09.2026

«Оқитын ұлт»

«№2 Новоишим орта мектебі» КММ кітапханасында оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған «Оқитын ұлт» республикалық оқу марафоны өз бастауын алды.