<img src="//cdn1.kdt.kz/files/sites/1459272776183225/files/%D0%B0%D0%B0%D1%80%D0%BF%D0%B8%D1%8F%D1%80.jpg" alt="" width="509" height="505" />
"Адалдық - ардың ісі" деген мақалды сүйене отырып, 12 желтоқсан күні мектебімізде "Адал ұрпақ" еріктілер клубының жоспарына сәйкес "Адалдық дүкені" өткізілді. Сатушысы жоқ дүкеннен оқушылар қалаған заттарын алып, жазылған сумманы кассаға салып кетіп отырды.
Бүгін Жамбыл жалпы орта білім беретін мектебінде 5-10 сынып оқушыларына ТІМ Турсунбаев Б. К. жолда жүру ережелері, мопедпен жүру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 2022 жылы «электросамокат» ұғымы мемлекеттік стандартқа еніп, ол «Жол қозғалысы туралы» заңға қосылды. Аталған заңға биыл маусымда президент қол қойды.
<div>Қоршаған ортаны қалпына келтіру немесе сақтап қалу өзекті әрі ауқымды мәселе. Өйткені, ұзақ жылдар бойы адамзат табиғатты барынша пайдаланудың нәтижесінде, климатта айтарлықтай өзгерістер орын алды. Қоршаған орта - аты-ақ айтып тұрғандай, бізді қоршаған әлем. Осы ауқымды мәселені талқылау мақсатында оқушылармен "Табиғаты таза болашақты қалай ұстауға болады?" тақырыбында пікірталас өтті. Оқушылар мектепте көз алдымызда күнделікті әр сыныпта тұрған гүлдерді мысал ретінде алып тақырыпты ашуға тырысты. "Адамның табиғатсыз күні жоқ,</div><div>Оны айтар табиғаттың тілі жоқ" деп айтылғандай болашақ табиғатымыз таза әрі әдемі болу үшін әр адамның атқаратын міндеттері көп екені ескеріліп өтті.</div>
<div>Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспары бойынша 18.12 күні бастауыш сынып ата-аналарымен "Балаңыздың ой-пікірін ояту" тақырыбына тренингті педагог-психолог Айнатуова А. Т. өткізді.</div><div>Мақсаты: ата-аналардың білім беру мақсаттарына табысты қол жеткізу үшін жасөспірімнің интеллектуалдық дамуын белсенді қолдауына ықпал ету.</div>