Отбасы күнін мерекелеу аясында лицейде отбасылық құндылықтарды нығайтуға, туыстар мен жақындарға құрметпен қарауды тәрбиелеуге, сондай-ақ отбасын әрбір адамның басты тірегі, сүйіспеншілік, қамқорлық және өзара түсіністіктің көзі ретінде қабылдауды қалыптастыруға бағытталған тақырыптық сынып сағаттары өткізілді.
9 қыркүйекте 10 қыркүйек – Кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу жөніндегі дүниежүзілік күніне орайластырылған акция аясында лицейде «Өмірдің құндылығы: психикалық денсаулықты қалай сақтауға болады және қиын жағдайда қайдан көмек алуға болады» тақырыбында дәріс өтті. Дәріс барысында балалармен «Қиын жағдайда өзіңе және басқаларға қалай көмектесуге болады?», «Қиын жағдайда кімге көмек сұрап баруға болады?» деген сұрақтар талқыланды.
2026 жылғы 9 қыркүйекте 8-9 сынып оқушылары үшін полиция подполковнигі Әбділманов Тимур Мұхтарұлы алдын алу дәрісін өткізді. Кездесу барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, жол жүру ережелерін сақтау, буллингтің алдын алу, сондай-ақ оқушылардың қауіпсіздігі мен жауапкершілігіне қатысты басқа да мәселелер қозғалды.