Меню KDT
kz ru en

НОВОСТИ ОБРАЗОВАНИЯ

1 сыныпқа қабылдау ережелері

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 27-28, 375-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылған Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларының 10-тармағы бірінші бөлігінің қолданысқа енгізілуі тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:

«10. Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумағында тұратын, барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, барлық жеті жастағы балалардың және

ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балалардың бірінші сыныпқа қабылдануын қамтамасыз етеді.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бөліктің қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.

Қазақстан Республикасының             Премьер-Министрі Б. Сағынтаев






Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
введите текст
OTANBILIM.KZ - портал развитияе интелектуального потенциала, зарождающийся у детей в дошкольном и школьном возрасте. Цифровые гаджеты в руках педагогов и детей, надо направить на оптимизацию процесса обучения.
введите текст
МОБИЛЬНОЕ П РИЛОЖЕНИЕ объединяет сервисы платформы и позволяет легко переходить из социальной, в торговую часть платформы и обратно, управлять сайтами и сервисами удаленно и быть постоянно через систему уведомлений в курсе последних событий  платформы. 

Статистика

  • Осы айда69
  • Осы аптада11
  • Кеше1
  • Бүгін0
  • Желіде0