Меню KDT
kz ru en

НОВОСТИ ОБРАЗОВАНИЯ

МІНДЕТТІ МЕКТЕП ФОРМАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН БІРЫҢҒАЙ ТАЛАПТАР

МІНДЕТТІ МЕКТЕП ФОРМАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН БІРЫҢҒАЙ ТАЛАПТАР

 

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Форма жеткізушісін ата-аналар өз қалауы бойынша таңдай алады. Бастысы алынған мектеп формасы төменде келтірілген шарттар мен талаптарға сай болуы тиіс.

1. Мектеп формасының түсі - қою көк (Астана қаласы бойынша)

2. Мектеп формасының үлгісі классикалық стильде болуы қажет.

3. Ұлдардың мектеп формасы:

пиджак, жилет, шалбар, мерекелік ақ жейде, күнделікті ақ жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, ақ водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. Кемінде жейде, жилет пен шалбар талап етіледі.

4. Қыздардың мектеп формасы:

пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады, юбка ұзындығы тізеден 5 см-ден жоғары емес.

5. Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.

6. Мектеп формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер және т.б.) салуға болады. Олар киімнің немесе аксессуардың (пиджак, жилет) жоғарғы бөлігінде орналасады. Эмблема эскизін мектептің сайтынан жүктеп алуға немесе мектептен алуға болады.

7. Мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар киюге тыйым салынады.

8. Мектеп формасының матасы ретінде қасиеттері жақсартылған жартылай жүн және мақта, киіске төзімді, антибактериалдық, антимикробтық және антистатикалық қасиеттері бар маталар қолданылады. 75-85% табиғи маталар (және т.б. мақта, жүн,) және киімнің мыжылын болдырмау мақсатында синтетикалық қоспалардың 15-25% бар маталар ұсыналады.

 

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
введите текст
OTANBILIM.KZ - портал развитияе интелектуального потенциала, зарождающийся у детей в дошкольном и школьном возрасте. Цифровые гаджеты в руках педагогов и детей, надо направить на оптимизацию процесса обучения.
введите текст
МОБИЛЬНОЕ П РИЛОЖЕНИЕ объединяет сервисы платформы и позволяет легко переходить из социальной, в торговую часть платформы и обратно, управлять сайтами и сервисами удаленно и быть постоянно через систему уведомлений в курсе последних событий  платформы. 

Статистика

  • Осы айда69
  • Осы аптада12
  • Кеше1
  • Бүгін0
  • Желіде0