Меню KDT
kz ru en

НОВОСТИ ОБРАЗОВАНИЯ

Электронды және электрлік жабдықтарды экологиялық кәдеге жарату туралы жадынама

 

Электронды және электрлік жабдықтар қалдықтарының құрамында қоршаған ортаға ғана емес, сонымен қатар адам денсаулығына да кері әсер ететін кадмий, сүрме, қорғасын, сынап сияқты қауіпті заттар және олардың қосылыстары болады. адам ағзасына түскеннен соң, олар онда ұзақ қалады және ақырындап бауырда, бүйректе, сүйекте, қалқанша безде жинақталады және онкологиялық аурулардың туындауына себеп болуы мүмкін.

Сондай-ақ, лазерлі принтерлерде тонерлер орнатылған, олардың химиялық құрамындағы: көміртек полимерлерінің қосылыстары, темір оксиді, органикалық қосылыстардағы қалайы және органикалық емес қоспалар, зерттеулерде көрсетілгендей бас ауруын, жөтелді, температураның көтерілуін, сырқаттануды тудырады.

Сонымен қатар, бармақты батареяның бір данасын «дұрыс емес» кәдеге жарату кезінде, 20 текше метр топырақ немесе 400 литрден астам ауыз су уланады.

Технодом, Алсер, Рамстор сауда желілерінің басшылығы эко-қораптарды орналастыру арқылы электрлік жабдықтарды жинау орындарын қамтамасыз етуде және оларды кейіннен мамандандырылған компаниялар арқылы қайта өңдейді.

Қалдықтар ретінде: тұрмыстық техника (теледидарлар, магнитофондар, электрлік ойыншықтар, үтіктер, энергияны үнемдеуші шамдар, батареялар, фендер, тоңазытқышты қосқандағы ас үй құралдары және т.б.), ұйымдастырушылық техника (компьютерлер мен жабдықтары, ұялы телефондар, планшеттер, көшіру аппараттары, сканерлер, тонерлер және т.б.), құрамында сынап бар қалдықтар (люминесцентті шамдар, энергия үнемдеуші шамдар, қызу өлшеуіштер және т.б.) қабылданады.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 301-бабына сәйкес полигондарда көму үшін келесі қалдықтарды қабылдауға тыйым салынады: сұйық қалдықтар; полигон шарттарында жарылғыш, коррозиялы, қышқылданатын, өрт қауіптілігі жоғары немесе өрт қауіптілігі бар болып келетін қауіпті қалдықтар; құрамында сынап бар лампалар мен аспаптар; литийлі, қорғасынды-қышқылды батареялар; электронды және электрлік жабдықтар.

Пайдаланушыларға жарамсыз болып қалған электронды және электрлік жабдықтарды сұрыпталмайтын қалалық қалдықтарды жинау орындарына, яғни қоқыс контейнерлеріне тастауға тыйым салынады.

Электрлік және электронды жабдықтардың құрамында зиянды заттардың болуына байланысты, олардың қоршаған ортаға және адам денсаулығына тигізетін ықтимал теріс әсерін азайту мақсатында, осы жабдықтарды өндіретін қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу үшін электронды және электрлік жабдықтардың қалдықтарын жинақтайтын қолжетімді бекеттерін қолдану қажет.

ҚР Энергетика министрлігі, қазақстандықтарды экологиялық тәрбиелеуді насихаттау мақсатында, тұрғындардың электронды және электрлік жабдықтарды дұрыс кәдеге жарататындығына және олардың саналылығына сенім білдіреді.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
введите текст
OTANBILIM.KZ - портал развитияе интелектуального потенциала, зарождающийся у детей в дошкольном и школьном возрасте. Цифровые гаджеты в руках педагогов и детей, надо направить на оптимизацию процесса обучения.
введите текст
МОБИЛЬНОЕ П РИЛОЖЕНИЕ объединяет сервисы платформы и позволяет легко переходить из социальной, в торговую часть платформы и обратно, управлять сайтами и сервисами удаленно и быть постоянно через систему уведомлений в курсе последних событий  платформы. 

Статистика

  • Осы айда71
  • Осы аптада12
  • Кеше1
  • Бүгін1
  • Желіде0