Меню KDT
kz ru en

НОВОСТИ ОБРАЗОВАНИЯ

Білім күні

 1 қыркүйек - бүкіл балаларының мерекесі. «Өйткені, бұл күні барлық калалар мен ауылдарда тұратын кішкентай бүлдіршіндер сөмкелері мен кітаптарын алып, тұңғыш рет класс есігін ашу үшін мектепке бара жатады!» Егер еліміздегі барша мектепті бір жерге жинар болса, онда ол пәлен миллион шәкірті бар алып мектеп-қала болар еді!

   Кішкенекөл  қазақ мектеп-гимназиясында Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиынға Уәлихан аудан әкімінің орынбасары Т.Қ.Сағитов қатысып, оқушыларға алдағы оқу жылында сәттілік тіледі. Мектеп басшысы Ержан Қайратұлы Каментиков 2017-2018 оқу жылының нәтижелерін қорытындылап, "Cambridge placement test" орталығында үштілділік емтиханды сәтті тапсырған және де мектеп қабырғасында сүбелі үлестерін қосқан ұстаздарды марапаттады. Салтанатты іс-шара барысында 1-сынып оқушылары Әлімбай Нұраймен Мұхамедияр Ақтан, 11-сынып оқушысы, оқу үздігі Маликова Асем алғашқы қоңырау соқты. 1-сынып оқушылары өздері дайындаған ән-жырларын ортаға салды. Салтанатты жиынға келген 1-сынып ата-аналары оқу жылының басталуымен құттықтап, әкелген шашуларын таратты. 

  Жиын аяқталғаннан кейін "Мен өз елімнің патриотымын" атты сынып сағаттары өткізілді. 

 

1 кыркүйек - мектеп оқушыларының ғана емес, әр түрлі жастагы кез келген мамандық иесінің, бүкіл халқының мерекесі. Сол себепті, ол Білім күні деп аталады. Білім күні жылына бір-ақ рет өткізіледі. Ал білім жыл он екі айдың барлық 365 күн бойына, тіпті бүкіл ғұмыр бойына жиналады. Мектеп босағасын тұңғыш аттаған бүлдіршіндерге ұстаздары дәл осы туралы әңгімелейді. Қоңырау күмбірлеп, сабақ та басталды.Баршаларыңызды Білім күнімен құттықтаймыз!

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
введите текст
OTANBILIM.KZ - портал развитияе интелектуального потенциала, зарождающийся у детей в дошкольном и школьном возрасте. Цифровые гаджеты в руках педагогов и детей, надо направить на оптимизацию процесса обучения.
введите текст
МОБИЛЬНОЕ П РИЛОЖЕНИЕ объединяет сервисы платформы и позволяет легко переходить из социальной, в торговую часть платформы и обратно, управлять сайтами и сервисами удаленно и быть постоянно через систему уведомлений в курсе последних событий  платформы. 

Статистика

  • Осы айда83
  • Осы аптада17
  • Кеше4
  • Бүгін1
  • Желіде0