Меню KDT
kz ru en

НОВОСТИ ОБРАЗОВАНИЯ

2018 жылдың 29 тамызында № 58 мектеп-гимназияда «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал: білім беруге арналған шешімдер» тақырыбында педогогикалық кеңес өтті.

           Білім мен ғылымның қарқынды даму кезеңінде елбасымыз Н.Ә.Назарбаев заман талабына сайжаңа жолдау жіберді. Жолдаудың мазмұнытөртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері жайлы баяндайды. Аталған тақырыпты білім беру саласына қатысты тиімді қолдану – біздің педагогикалық кеңестің негізгі мақсаты болды.«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал: білім беруге арналған шешімдер» тақырыбындағы баяндамасында мектеп директоры Нугуманова Самал Ботаханқызы цифрлық сауаттылық, ақпаратпен жұмыс істеу, сыни тұрғыда, креативті ойлау қабілеті, үздіксіз білім алу, фундаменталды сауаттылық, баланың жан-жақты дамуы және т.б. көптеген сұрақтар қамтыды.Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Абикеева Р.С. мұғалімдерді «2018-2019 оқу жылында ҚР ЖОББ ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерімен»  таныстырса, Жабатай  А. О.білім мекемесінің ішкі тәртіп ережелері, еңбек шарты, жұмыс уақыты мен демалыс уақытының тәртібі және т.б. мәселелер қарастырылды. Директордың тәрбие ісі бойынша орынбасары Жақыпов Е. «Тәрбие жүйесіндегі кешенділік, бірізділік, ынтымақтастық»  бойынша тқарылатын жұмыс жоспары туралы сөз қозғады. Пленарлық бөлімі «Жаңа талап –жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында секция жұмысымен жалғастырылды. Қоғамдық –гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық және бастауыш сынып  бойынша топтастырылып, модераторлар:сайланды. Әр секция өз бағыты бойынша маңызды сұрақтарды талқылап, постер қорғады. Секция жұмыстары аяқталған соң, барша ұжым кері байланыс, яғни, рефлексия жүргізілді.

Аталмыш іс-шара білім саласындағы өзгерістер мен жаңашылдықты жан-жақты түсініп, оған деген кәсіби көзқарасты танытуға көп үлес қосты.

 



 

 


 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
введите текст
OTANBILIM.KZ - портал развитияе интелектуального потенциала, зарождающийся у детей в дошкольном и школьном возрасте. Цифровые гаджеты в руках педагогов и детей, надо направить на оптимизацию процесса обучения.
введите текст
МОБИЛЬНОЕ П РИЛОЖЕНИЕ объединяет сервисы платформы и позволяет легко переходить из социальной, в торговую часть платформы и обратно, управлять сайтами и сервисами удаленно и быть постоянно через систему уведомлений в курсе последних событий  платформы. 

Статистика

  • Осы айда74
  • Осы аптада15
  • Кеше1
  • Бүгін0
  • Желіде0