Меню KDT
kz ru en

НОВОСТИ ОБРАЗОВАНИЯ

Сыңғырла, алғашқы қоңырау!

Қоңыр күздің алғашқы күні асқақ армандарын арқалап, мектеп табалдырығын аттағалы отырған балдырғандар мен жиған білімдерін тереңдете түсу үшін еліміздің барша оқушылары алтын ұя мектебіне оралды.
Бұл күні таңертеңмен қолдарына шоқ-шоқ гүлдерін алып, гимназияға асыққан кіп-кішкентай балапандарды көру үлкен бір қуаныш еді.
Сафуан Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия білім күнін үлкен дайындықпен қарсы алды. «Сыңғырла, алғашқы қоңырау!» атты салтанатты жиынның алғы сөзі мектеп директоры Күлтай Ахметқызына берілді: «Болашаққа өскелең ұрпақ тәрбиелеу — біздің алған қойған мақсатымыз. Биылғы оқу жылына біз сақадай саймыз» - дей келе, барлық жиылған жұртшылықты мерекемен құттықтап, ұстаздар мен оқушыларға жаңа табыстар мен жаңа белестер тіледі.
Гимназия қонағы «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ басшысы Рахметова Әсем Қалашпайқызы, ата-аналар 2018-2019 оқу жылында мектеп табалдырығын аттағалы тұрған бүлдіршіндер мен тәрбие мен білім нәрімен сусындаған 5-11 сынып оқушыларын жаңа оқу жылымен құттықтап, жетістіктер тіледі.
Мерекелік шараның ең маңызды сәті – алғашқы қоңырау соғу рәсімі жаңа ғана мектеп табалдырығын аттағалы отырған Ғалымжан Даниял, Нұрмахан Аягөз бен 11-сыныптың оқушысы Баембаев Әсетке берілді.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын деген ниетпен барлық сыныптарды «Мен — өз елімнің патриотымын» тақырыбындағы бірыңғай тәрбие сағаттарына шығарып салдық.
Тарыдай болып кірген жас бүлдіршіндерге келешекте таудай азамат болып шығуына тілектеспіз!


 
  

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
введите текст
OTANBILIM.KZ - портал развитияе интелектуального потенциала, зарождающийся у детей в дошкольном и школьном возрасте. Цифровые гаджеты в руках педагогов и детей, надо направить на оптимизацию процесса обучения.
введите текст
МОБИЛЬНОЕ П РИЛОЖЕНИЕ объединяет сервисы платформы и позволяет легко переходить из социальной, в торговую часть платформы и обратно, управлять сайтами и сервисами удаленно и быть постоянно через систему уведомлений в курсе последних событий  платформы. 

Статистика

  • Осы айда83
  • Осы аптада17
  • Кеше4
  • Бүгін1
  • Желіде0