Меню KDT
kz ru en

НОВОСТИ ОБРАЗОВАНИЯ

«Тілге құрмет-елге құрмет» тақырыбында тілдер мерекесі аталып өтілді

    Әр халықтың өзіне тән байлығы, қазынасы-ана тілі. Оны біліп, қадір тұтып , қастерлеу-парызымыз. 22 қыркүйек -Қазақстан халықтарының Тілдер күні. Мемлекеттік тіл- Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл. Осы орайда  21 қыркүйек күні "Тілге құрмет-елге құрмет" тақырыбында  Тілдер мерекесі аталып өтті. Іс шараның мақсаты оқушылардың  өз ана тіліне деген  құрметін арттыру, тіл мәртебесін көтеру болып табылды. Мерекелік іс шара қазақ, орыс,  ағылшын тілдерінде өткенін атап өткіміз келеді.  Бұл оқушылардың  үш тілде еркін сөйлеуге ынтасын, үштілділіктің маңызын түсіне білгендігінің көрінісі іспеттес.
    Алдымен (мектеп оқушылары дайындағаған) қазақтың билері: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би сахнаға шығып, қазақ тілінің құдіретін , ата-бабаларымыздан қалған қасиетті байлығымыздың бәрінен биік екенін сөз етті. Одан әрі сөз алған жүргізушілер кешті үш тілде  құттықтау сөздермен жалғастырды. Жүргізушілер өз сөздерінде Тілдер мерекесінің  тарихымен оқушыларды таныстырып өтті. Кеште орыс, қазақ , ағылшын тілдеріндегі ән, ұлттық би орындалып, кеш көрермендерін сүйсіндірді. Кеш ортасында көрермендермен викториналық сұрақтар жүргізілді. Сұрақтар үш тілде дайындалғандықтан көрермендер арасынан шыққан оқушылар үш тілдегі сұрақтарға жауап бере білді. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар үйлестірілді.
    10-сынып оқушылары Абай мен  Пушкиннің шығармаларын екі тілде  орындап, екі ақынның үндестігін әсерлі жеткізе білді. Бастауыш сынып оқушылары  ағылшын тілінде құттықтау өлеңдерін оқып, "Әрқашан күн сөнбесін" әнін үш тілде айтып, кештің сәнін келтірді. Кеш соңында "Астана" әні орындалып, барлық оқушылар осы іс  шараның  негізінде  мерекенің елісмізде шоқтығы биік екенін , көпұлтты мемлекетіміздің  Елбасымыздың басқаруымен бірлікте, татулықта , көк байрақтың астында ынтымақта өмір сүріп жатқандығын мерекенің түйіні ете білді.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
введите текст
OTANBILIM.KZ - портал развитияе интелектуального потенциала, зарождающийся у детей в дошкольном и школьном возрасте. Цифровые гаджеты в руках педагогов и детей, надо направить на оптимизацию процесса обучения.
введите текст
МОБИЛЬНОЕ П РИЛОЖЕНИЕ объединяет сервисы платформы и позволяет легко переходить из социальной, в торговую часть платформы и обратно, управлять сайтами и сервисами удаленно и быть постоянно через систему уведомлений в курсе последних событий  платформы. 

Статистика

  • Осы айда91
  • Осы аптада14
  • Кеше4
  • Бүгін0
  • Желіде0