Ашық әңгіме алаңы
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні қарсаңында №15 мектеп-лицейінде Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылауға арналған жиын өтті. Мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Сауле Қазақбайқызы Идрисова мақаланың мазмұны мен ерекшеліктеріне тоқталды. Әріптестер өз пікірлерін білдіріп, мақаладағы қозғалған мәселелерді мектеп деңгейінде жүзеге асыру мақсатында іс-шаралар жүргізу туралы ұсыныстар жасалды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер