Меню KDT
kz ru en

НОВОСТИ ОБРАЗОВАНИЯ

«Мен және менің полициям» республикалық науқанын өткізілген іс-шара

«Тауағаш орта мектебі» КММ
2018-2019 оқу жылы
«Мен және менің полициям»
 республикалық науқанын өткізілген іс-шаралары бойынша
Ақпар                                             

ҚАЗАҚ ПОЛИЦИЯСЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ҚОРҒАНЫ!

Әр күн сайын соғыстың алаңында,

Жүрсе дағы нықтылық бар қадамында.

Полицейлер – жан берер тыныштығын,

Сақтау үшін жер шары ғаламында.

Қазір Республика көлемінде 2018 жылдың қараша айында «Мен және менің полициям» тақырыбында акция жүргізіп жатыр. Біздің облысымызда бұл үш күндік акция қараша айының  27-29 күні өткізіледі. Бұл акцияның негізгі мақсаты – ол балаларды, балалар арқылы үлкендерді полиция қызметімен таныстыру. Сондай – ақ оларды қоғамдық ортада және жол бойында өз –өздерін ұстай білуге тәрбиелеу.

Бұл үш күндік акция қызығушылық туғызған барлық сала қызметкерлерінің мән бере ат салысуымен өткізіледі.

Біздің Тауағаш орта мектебінде 8-11 сыныптар арасында презентация көрсетіліп, оқушылар қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелерімен таныстырылды.

Полиция қызметкерінің алдында тұрған негізгі міндеттерімен таныстырылып өтеді. Сондай – ақ кәмілетке толмаған жас жеткіншектердің құқықтары жөнінде де таныстырылып, олардың сұрақтарына жауап, көмек береді. Бұл акцияның маңызы өте зор. Өйткені кез – келген қылмыстың кінәлісін іздегеннен оның алдын алған өте тиімді. Сондықтан да жасөспірімдер үнемі қадағалауда болуы керек. Республика аумағында ұйымдастырылған бұл акцияның мектеп оқушыларына берері мол.

Тоқтаусыз тіршілікте бұқарамен біте қайнасып, қоғамдық тәртіпті қадағалауда күні-түні көз ілмейтін құқық қорғау қызметкерлерінің жүгі мол, қиын да күрделі кәсібі қай құрметке болмасын лайық. Анығында, қоғамда орын алып отырған түрлі дәрежедегі қылмыстар үшін тәртіп сақшыларын жерден алып, жерге салуды көпшілік қанына сіңдіріп алғандай. Біреуді біреу ұрып соғып, сойқан шығарып жатса да, қолындағы барын үптеп кетсе де полицейлер кінәлі. Қылмыссыз қоғамды қалыптастыру жалғыз құқық қорғаушылардың еншісінде емес екенін ескеру керек. Жалпы, құқық қорғау органдары күнделікті өмірде халықпен жүзбе-жүз, бетпе-бет қарым-қатынасқа түсетін мекемелердің бірі. Санамалап айтар болсақ, бұлардың санатына Білім министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі және Ішкі істер министрлігі кіреді екен. Ал қалың бұқарамен аралас-құралас жатқандықтан осындай мекемелер, соның ішінде құқық қорғау органдары биліктің айнасы іспеттес дәрежеде. Егер құқық қорғау органдарының бет-бейнесі, жүріс-тұрысы жақсармаса, ендеше биліктің бейнесі де көрнекті кейіпке ене алмайды деген сөз. Орын алған әрбір қылмыстың астарына үңіліп, мәнін ашу – бұл қыруар жұмыстың, самайдан аққан ащы тердің нәтижесі. Айтуға оңай болғанмен, қолға алғанға қиын іс.

 

                                                                                                                                  Дайындаған: әлеуметтік педагог Садуп С.Б.

 

 

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
введите текст
OTANBILIM.KZ - портал развитияе интелектуального потенциала, зарождающийся у детей в дошкольном и школьном возрасте. Цифровые гаджеты в руках педагогов и детей, надо направить на оптимизацию процесса обучения.
введите текст
МОБИЛЬНОЕ П РИЛОЖЕНИЕ объединяет сервисы платформы и позволяет легко переходить из социальной, в торговую часть платформы и обратно, управлять сайтами и сервисами удаленно и быть постоянно через систему уведомлений в курсе последних событий  платформы. 

Статистика

  • Осы айда70
  • Осы аптада22
  • Кеше2
  • Бүгін1
  • Желіде0