Меню KDT
kz ru en

НОВОСТИ ОБРАЗОВАНИЯ

"Жаратылыс ғажайыптары" атты химия-биология пәндері апталығы

Қайрат орта мектебінде қаңтар айының 14-і мен 21-і аралығында «Жаратылыс ғажайыптары» тақырыбында химия-биология пәндері бойынша апталық ұйымдастырылды. Апталық барысында әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.Атап айтатын болсақ:

14.01-Апталықтың ашылуы. «Биология және химия ғылымдарының шығу тарихы» тақырыбында 8-сынып оқушылары Қайролла З. мен Жаңбырбай А. баяндама оқыды

15.01-Атаулы даталар (7-11 сынып оқушылары химия-биология пәндеріне өз үлестерін қосқан ғалымдар туралы плакат дайындады)

16.01- «Қызықты биология» сайысы ұйымдастырылды. 7-11 сынып оқушылары өзара «Өсімдіктер», «Бактериялар», «Саңырауқұлақтар» және «Сүтқоректілер» тобына бөлініп, сайысқа түсті. Сайыс 4-бөлімнен тұрды. Іб «Викторина», ІІб «Білгенге маржан», ІІІб «Мозайка құру», ІVб «Пантомима». Сайыс қорытындысы бойынша І орынға «Сүтқоректілер» тобы, ІІ орынға «Өсімдіктер» тобы, ІІІ орынға «Бактериялар» тобы, ІV орынға «Саңырауқұлақтар» тобы ие болды.

17.01- Викториналық сұрақтар сайысы (химия-биология пәндері бойынша). «Оттекті алу» тақырыбында тәжірибие көрсетілді

18.01- «Зейінділер сайысы» атты химия пәні бойынша сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Сайысқа 8-11 сынып оқушыларынан құралған «Металдар» және «Бейметалдар» атты екі топ қатысты. Сайыс 5-кезеңнен тұрды. 1кезең «Таныстыру», 2 кезең «Таңғажайып әріптер», 3 кезең «Адасқан әріптер», 4 кезең «Химиялық бәйге», 5 кезең «Суреттермен жұмыс». Сайыс қорытындысы бойынша І орынға «Бейметалдар», ал ІІ орынға «Металдар» тобы ие болды.

21.01-Апталықтың жабылуы. Марапаттау.

Жалпы апталық өте қызықты әрі тартысты өтті. Барлық сыныптар үлкен жауапкершілікпен, белсене қатысты.

Өткізген: пән мұғалімдері Е.С.Шарипов және А.Е.Магубаева









Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
введите текст
OTANBILIM.KZ - портал развитияе интелектуального потенциала, зарождающийся у детей в дошкольном и школьном возрасте. Цифровые гаджеты в руках педагогов и детей, надо направить на оптимизацию процесса обучения.
введите текст
МОБИЛЬНОЕ П РИЛОЖЕНИЕ объединяет сервисы платформы и позволяет легко переходить из социальной, в торговую часть платформы и обратно, управлять сайтами и сервисами удаленно и быть постоянно через систему уведомлений в курсе последних событий  платформы. 

Статистика

  • Осы айда70
  • Осы аптада22
  • Кеше2
  • Бүгін1
  • Желіде0