Меню KDT
kz ru en

НОВОСТИ ОБРАЗОВАНИЯ

Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы

Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы

Хаттама №3

18.01.2019ж.

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Күн тәртібінде:

  1. «Қамқорлық» акциясын өткізу;
  2. Қазақстан Республикасының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу жұмыстары.
  3. Тағы басқа мәселелер.

Тыңдалды:

  1. «Қамқорлық» акциясы бойынша мектеп директоры Сиванбаев М.С. сөйледі. Тауағаш орта мектебінде 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» акциясы өткізілуде. Аталмыш акцияға мектеп мұғалімдері жаппай жұмылдырылуда. Мектеп ұстаздары көп балалы, әлеуметтік қорғалмаған оқушыларға кеңсе тауарларымен, киім-кешекпен көмек көрсетуде.
  2. Жеке кәсіпкер Жанабеков Б.С. аталмыш акция төңірегінде көп балалы отбасыдан шыққан 1-сынып оқушысы Еслям Елжасқа бес мың (5000) теңге көлемінде кеңсе тауарларын сатып алып бергені жайлы сөйледі.
  3. Қазақстан Республикасының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу жұмыстары жайлы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сагандыкова Ж.С. сөйледі. Мектепте құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында атқарылып жатқан іс-шаралар жайлы ақпарат берді. Мектепішілік жоспармен таныстырды, атқарылған іс-шараларға нақты тоқталып өтті. Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің жұмыс жоспарына тоқталып кетті.

Қабылданған шешім:

  1. «Қамқорлық» акциясына қамқоршылық кеңес мүшелері ат салыссын;
  2. Қазақстан Республикасының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалауынсыз және панасыз қалуының алдын алу мақсатында жоспар бойынша іс-шаралар атқарылсын.

 

Төраға:                 Жанибеков А.Э.

 

Хатшы:                 Жанибекова Г.С.

 

 

Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы

Хаттама №4

17.03.2019ж.

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Күн тәртібінде:

1.Наурыз мерекесін өткізу;

2.Тағы да басқа мәселелер.

Тыңдалды:

1.Ауылда наурыз мерекесін өткізу жайлы қамқоршылық кеңес төрағасы     Жанибеков А.Э. сөйледі. Жоспардан тыс отырыс. Наурыз мерекесін  жұмылдыра отырып өткізген жөн болар еді. Ауыл тұрғындарына наурыз мерекесін өткізуге қамқоршылық кеңес мүшелерінің ұсыныстарын сұрады.

2.Мектеп директоры Сиванбаев М.С. Наурыз мерекесіне арналған іс-шараны, яғни мерекелік концертті мектеп ұйымдастырып өткізеді деген ұсыныс жасады.

  1. «Явленское МТС» ЖШС қызметкері Малдыбаев Б.А. өз фирмасы атынан сөйледі.

«Явленское МТС» ЖШС-гі ауылдық наурызды өткізуге 65000 (алпыс бес мың) теңге көлемінде ақшалай қаражат бөлетіні жайлы айтты. Сонымен қатар «Явленское МТС» ЖШС қызметкерлеріне бір қой береді.

4.Жеке кәсіпкер Жанабеков Б.С. ауылдың қарттарына ас беруге бір қой беретіні жайлы айтты.

  1. Қамқоршылық кеңес төрағасы наурыз мерекесін тойлау барысында спорттық ойындар өткізілсе, ауылдың жастары қызығар еді деген ұсыныс жасады.

Қабылданған шешім:

  1. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сагандыкова Ж.С. Наурыз мерекесін ұйымдастырып, өткізсін. «Явленское МТС» ЖШС берілген ақшаға сыйлықтар сатып әкелсін. Машинаға бензинді бөлінген ақшадан құйсын;
  2. Спорттық іс-шараларды дене шынықтыру пәні мұғалімдері Сабитов Г.М., Шокаев Ж.У. ұйымдастырып өткізсін;
  3. Мектеп асханасында ауыл тұрғындарына ас әзірленсін;
  4. Мектеп директоры Наурыз мерекесінің өткізілуін өз қадағалауына алсын.

 

Төраға:                 Жанибеков А.Э.

 

Хатшы:                 Жанибекова Г.С.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
введите текст
OTANBILIM.KZ - портал развитияе интелектуального потенциала, зарождающийся у детей в дошкольном и школьном возрасте. Цифровые гаджеты в руках педагогов и детей, надо направить на оптимизацию процесса обучения.
введите текст
МОБИЛЬНОЕ П РИЛОЖЕНИЕ объединяет сервисы платформы и позволяет легко переходить из социальной, в торговую часть платформы и обратно, управлять сайтами и сервисами удаленно и быть постоянно через систему уведомлений в курсе последних событий  платформы. 

Статистика

  • Осы айда70
  • Осы аптада22
  • Кеше2
  • Бүгін1
  • Желіде0