Меню KDT
kz ru en

НОВОСТИ ОБРАЗОВАНИЯ

Оқушыларды шұғыл эвакуациялауға дайындық

Оқушыларды шұғыл эвакуациялауға дайындық2023 жылдың 12 мамырында «№5 орта мектеп» КММ-де терроризмге қарсы әрекет орын алған жағдайда 1-11 сынып оқушылары мен мектеп қызметкерлері үшін шұғыл эвакуациялау бойынша оқу-жаттығу  ұйымдастырылды. Ғимараттан эвакуацияланған барлық оқушылар мен мектеп қызметкерлері спорт алаңына орналастырылды. Директордың орынбасарлары эвакуацияланушылардың болуы туралы мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің есептерін қабылдады.

Оқушылардың саны сынып журналының тізімімен салыстырылды. Шаруашылық меңгерушісі тех. қызметкерлердің бар-жоғын тексерді. Қабаттардағы балаларды эвакуациялауға жауаптылар үй-жайларда адамдардың бар-жоқтығын тексерді. Эвакуацияның барысы туралы барлық ақпарат мектеп директорына берілді. Эвакуацияға жауапты адамдардың барлығы қажетті нұсқауларды орындады. Эвакуация бекітілген жоспар бойынша жүрді. Ғимараттан эвакуацияланған адамдардың саны туралы оқу жетекшісіне баяндауға эвакуация сигналы берілген сәттен бастап адамдарды ғимараттан толық эвакуациялау уақыты 3 минутты құрады.

Оқу-жаттығуға барлығы 690 адам қатысты, оның 615-і оқушылар болса, 75-і барлық санаттағы мектебіміздің қызметкерлері болды. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД Экстремизмге қарсы күрес департаментінің жедел уәкілдері полиция подполковнигі Едрисов Д.Н., Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД Экстремизмге қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі полиция капитаны Мұхамадиев М.О.

«Қорғау» ЖШС мамандандырылған күзет қызметі қатысты.

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
введите текст
OTANBILIM.KZ - портал развитияе интелектуального потенциала, зарождающийся у детей в дошкольном и школьном возрасте. Цифровые гаджеты в руках педагогов и детей, надо направить на оптимизацию процесса обучения.
введите текст
МОБИЛЬНОЕ П РИЛОЖЕНИЕ объединяет сервисы платформы и позволяет легко переходить из социальной, в торговую часть платформы и обратно, управлять сайтами и сервисами удаленно и быть постоянно через систему уведомлений в курсе последних событий  платформы. 

Статистика

  • Осы айда71
  • Осы аптада22
  • Кеше1
  • Бүгін1
  • Желіде0