Меню KDT
kz ru en

НОВОСТИ ОБРАЗОВАНИЯ

Ағымдағы жылдың 29 маусымы күні Имантау көлінің жағалауында орналасқан «Қарлығаш» демалыс орнында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен балаларға арналған «Ұлттық код – рухани болмыс кілті» атты аудандық өлкетану фестивалі болып өтті.

Ағымдағы жылдың 29 маусымы күні Имантау көлінің жағалауында орналасқан «Қарлығаш» демалыс орнында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен балаларға арналған «Ұлттық код – рухани болмыс кілті» атты аудандық өлкетану фестивалі болып өтті. Фестиваль -қазақ халқының мәдени құндылықтарын, салт- дәстүрін, әдеп-ғұрпын, қолөнерін, зергерлік, атбегі өнерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Фестивальдің шымылдығын аудандық білім бөлімінің басшысы Балжан Шариповна Баймагамбетова құттықтау сөзімен ашты.
«Қарлығаш» демалыс орнында екі киіз үй құрылып, қазан-ошақта балаларға ас даярланды.
Фестивальді тамашалауға 150 –ге жуық аудан мектептерінің оқушылары келді. Фестивальдің ерекше әсер қалдырған сәттерінің бірі – балалардың ұлттық қолданбалы өнермен танысып, өз қолдарымен қыштан түрлі заттар жасап үйренуі, ұлттық тағамдардың жасалуын көріп, өз қолдарымен даярлауы болды. Имантау ауылының тұрғыны Сұлтанбек Бибек балаларға ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық сусынымыз қымыздың дәмін татқыза отырып, даярлау жолын түсіндіріп өтті.
Фестиваліміздің ерекше ажарын ашқан Сырымбет орта мектебінің ұстаздар ұжымы мен "Ажар" би тобы болды. Қысқаша сахналық көрініс көрсету арқылы өскелең ұрпаққа жеткізу мақсатында салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды, дәріптей білді.
Біздің өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды, тарихымызды, өзіміздің тілімізді, дінімізді дәріпттеу, үлгілі тәрбие беру үшін осындай ұйымдастырылған іс-шаралар өзінің септігін тигізері анық.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
введите текст
OTANBILIM.KZ - портал развитияе интелектуального потенциала, зарождающийся у детей в дошкольном и школьном возрасте. Цифровые гаджеты в руках педагогов и детей, надо направить на оптимизацию процесса обучения.
введите текст
МОБИЛЬНОЕ П РИЛОЖЕНИЕ объединяет сервисы платформы и позволяет легко переходить из социальной, в торговую часть платформы и обратно, управлять сайтами и сервисами удаленно и быть постоянно через систему уведомлений в курсе последних событий  платформы. 

Статистика

  • Осы айда125
  • Осы аптада22
  • Кеше2
  • Бүгін0
  • Желіде0