Меню KDT
kz ru en

НОВОСТИ ОБРАЗОВАНИЯ

Домбыра-қазақтардың рухын көтеретін мәдени байлығымыз.

Домбыра-қазақтардың рухын көтеретін мәдени байлығымыз. Ата-бабамыздан қалған дәстүрлерді құрметтеу біздің басты міндетіміз. Бүгінде біздің өскелең ұрпақ Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина Нұрпейісова негізін қалаған мәдени дәстүрімізді жалғастыруда. Домбыра бар әлемге танылып, асыл мұраға айналды. Бұл біздің қара домбырамыздың әлем берген лайықты бағасы.
«Константиновка МББК» КММ ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап Навирхан Заманбектің жетекшілігімен жұмыс жасап жатқан домбыра үйірмесі туралы атап өткіміз келіп отыр. Педагог үйірме жұмысын оқушыларды ұлттық аспаптың даму тарихымен және музыкалық шеберліктің негіздерімен таныстырудан бастады. Бүгінде балалар бірнеше танымал шығармалардың әуендерін еркін орындай алады. Үйірме сабақтары аптасына екі рет өтеді. Музыкалық жоба мектеп оқушыларының өзге ұлт өкілдері арасында аспапқа деген қызығушылығын арттырды. Қазіргі уақытта үйірмеде 11 оқушы сабақ алуда. Домбыра сабақтары оң нәтиже беруде. Осы уақыт ішінде оқушылар домбырада ойнаудың негіздерін біліп бастапқы дағдыларын игерді. Әрі қарай шығармашылық даму оқушылардың өз қолында. Дәстүрлеріміз, домбыра, халық мәдениеті туралы білімді жас ұрпақ арасында насихаттауды жалғастыру өте маңызды.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
введите текст
OTANBILIM.KZ - портал развитияе интелектуального потенциала, зарождающийся у детей в дошкольном и школьном возрасте. Цифровые гаджеты в руках педагогов и детей, надо направить на оптимизацию процесса обучения.
введите текст
МОБИЛЬНОЕ П РИЛОЖЕНИЕ объединяет сервисы платформы и позволяет легко переходить из социальной, в торговую часть платформы и обратно, управлять сайтами и сервисами удаленно и быть постоянно через систему уведомлений в курсе последних событий  платформы. 

Статистика

  • Осы айда124
  • Осы аптада23
  • Кеше0
  • Бүгін1
  • Желіде0