Меню KDT
kz ru en

НОВОСТИ ОБРАЗОВАНИЯ

«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» Республикалық ата-аналар конференциясы

Қыркүйек айының 9-жұлдызында 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарына педагогика-психологиялық  көмек ретінде «XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» тақырыбында республикалық ата-аналар конференциясы болып өтті. Конференция модераторы  №52 мектеп-гимназия директоры  Байтасова Улбосын Бекмурзаевна іс-шараның мақсаты мен маңыздылығын таныстыра отырып, жоғары сынып ата-аналарының алдында өте қиын міндеттер тұрғанын, сол міндеттерді бірлесіп шешу жолдарын қарастыру қажет екенін атап көрсетті. Бүгінгі конференцияда берілетін ақпараттар мен кеңестер бала тәрбиесіндегі сол міндеттерді шешуде көп көмегін тигізетінін жеткізді.

 

 

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Төрағасы Оршыбеков Нұрбек Әбубекұлының үндеу хатын оқып, келесі сөз кезегін конференцияны жүргізуші психолог Беркимбаева Улзира Қалдыбекқызына берді.Психолог конференцияның жақсы өтуіне сәттілік тілеп, бағдарламамен таныстырды. 

  Конференцияда қарастырылған мәселелер:

1.ҰБТ-ға дайындық және оны тапсыру барысында жасөапірімге ата-ананың көмегі;

2.Жасөспірімнің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу бойынша шаралар.

3.Кәмелетке толмаған балалардың суицидтік (ауто-деструктивті) мінез-құлқының алдын алу.

4.Отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту: бала тәрбиесі үшін отбасы берекесінің маңыздылығы.

5.Жасөспірімдер ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу шаралары. Мектепте діни атрибутика киюге тыйым салу. Әрбір мектеп оқушысын бірыңғай үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз ету – ата-ананың әлеуметтік маңызды міндеті.

6.Жасөспірімдер ортасындағы девианттық мінез-құлық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу.

7.Ата-ананың өзін-өзі талдауы: ЖАҚСЫ АТА-АНАНЫҢ ҚАНДАЙ ҚАСИЕТТЕРІ МЕНІҢ БОЙЫМДА БАР, ҚАНДАЙ ҚАСИЕТТЕРДІ ДАМЫТУ ҚАЖЕТ?

 «Балалар және интернет – қауіпсіздік жолдары», «Балалар және дін», «Тату отбасы», «Ата-ана мені түсініңіздерші» «Түсінбеушілік неге әкеп соғады», «Балалар және қылмыс» атты тәрбиелік маңызы зор бейнероликтер көрсетіліп, ата-аналарға жаднамалар таратылды.

Ата-аналардан Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің тапсырысы бойынша дайындалған сауалнама алынды. Психолог ата-аналарға және мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндеріне сәттілік тілеп, бүгінгі конференциядан алған ақпараттары алдағы уақытта өз көмегін беретініне сенім білдірді. Ата-аналар осындай конференцияның көп көмегі бар екенін айтып, мектеп әкімшілігіне, ұстаздарға алғысын білдірді.

Мектеп психологтары:               У.К.Беркимбаева   Б.Н.Наурзбекова   Ә.М.Әлжанова

 

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
введите текст
OTANBILIM.KZ - портал развитияе интелектуального потенциала, зарождающийся у детей в дошкольном и школьном возрасте. Цифровые гаджеты в руках педагогов и детей, надо направить на оптимизацию процесса обучения.
введите текст
МОБИЛЬНОЕ П РИЛОЖЕНИЕ объединяет сервисы платформы и позволяет легко переходить из социальной, в торговую часть платформы и обратно, управлять сайтами и сервисами удаленно и быть постоянно через систему уведомлений в курсе последних событий  платформы. 

Статистика

  • Осы айда100
  • Осы аптада17
  • Кеше1
  • Бүгін3
  • Желіде0