Меню KDT
kz ru en

НОВОСТИ ОБРАЗОВАНИЯ

ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА АНЫҚТАМА

«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА:  ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА
АНЫҚТАМА
10-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен өткізілген
жалпы ата-аналар жиналысы туралы ақпарат

             №51 мектеп-гимназиясында  2018 жылдың 9-қыркүйек күні сағат 10.00-де «ХХІ ғасыр қазақстандық ата-ана «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбындағы «10-11 сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық-педагогикалық көмек» тақырыбында ата-аналар конференциясы өтті. Жиналысқа 10-11 сынып оқушыларының 186 ата-анасы қатысты. Конференцияның негізгі мақсаты: жоғары сынып оқушыларының ҰБТ-ке дайындығы барысында ата-аналардың балаларына қалай көмектесетіні жайлы кеңес беру.
2018-2019 оқу жылында жоғары сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналысын мектеп директоры К.С.Дүйсенова  сөз алып, оқу жылының басталуымен құттықтады. Өз сөзінде бүгінгі заманауи дамыған уақытта әр бала меңгеруге тиісті білім мен тәрбиенінің маңыздылығын айта отырып, мектептің әр оқушысы үшін жақсы білім алуына жағдай жасалғанын айта кетті.  Біздің болашағымыз оқушылардың  меңгерген білімінің сапасында, сол білім арқылы Қазақ еліміздің алдыңғы қатардағы мемлекеттер қатарына қосылуына себеп болады. Сондықтан ата-ана мен мектеп бір-бірлерімен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, болашағымызды бірге қалауға шақырды. Мектеп директоры бүгінгі жиналысқа келген Білім басқармасының өкілі А.К.Исабековаға сөз берді. 
      А.К.Исабекова ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтап, жоғары сынып оқушыларының ата-аналарына өз балаларының дұрыс кәсіптік бағыт-бағдар беру жолдарымен таныстырды және мектепте жүргізіліп отырған «Әлеуметтік желіні талдау» бағдарламасының мақсатын түсіндіріп, ата-ананың өз балаларының интернет желісіндегі уақыттарын бақылауда ұстаулары жайлы кеңес берді.
     Осылайша конференцияда мектеп психологы М.Т.Стамбековаға сөз кезегін берді. Сөз басында ата-аналарға «Менің Қазақстаным!» атты бейнебаян көрсетілді.
«10-11 сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық-педагогикалық көмек»    тақырыбында мектеп психологы М.Т.Стамбекова келесі мәселелер жайлы ақпарат беріп, кеңесімен бөлісті.
  1. ҰБТ-ға дайындық және оны тапсыру барысында жасөспірімге ата-ананың психологиялық көмегі.
  2. Жасөспірімнің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу бойынша шаралар.
  3. Кәмелетке толмаған балалардың суицидтік (ауто-деструктивті) мінез-құлқының алдын алу.
  4. Отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту: бала тәрбиесі үшін отбасы берекесінің маңыздылығы.
  5. Жасөспірімдер ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу шаралары. Мектепте діни атрибутика киюге тыйым салу. Әрбір мектеп оқушысын бірыңғай үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз ету – ата-ананың әлеуметтік маңызды міндеті.
  6. Жасөспірімдер ортасындағы девианттық мінез-құлық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу.
  7. Ата-ананың өзін-өзі талдауы: ЖАҚСЫ АТА-АНАНЫҢ ҚАНДАЙ ҚАСИЕТТЕРІ МЕНІҢ БОЙЫМДА БАР, ҚАНДАЙ ҚАСИЕТТЕРДІ ДАМЫТУ ҚАЖЕТ?
       «ҰБТ-ға дайындық және оны тапсыру барысында жасөспірімге ата-ананың психологиялық көмегі» тақырыбы бойынша биылғы оқу жылында 10-11 сынып оқушыларының соның ішінде 11-сынып оқушыларының ҰБТ-ға дайындықта ата-ананың қолдауы аса керек екендігі айтылды. Жоғары сынып оқушыларының ҰБТ-ға дайындық кезінде болатын қобалжу, қорқу сезімдерін жеңуде ата-ананың ролі, дайындық барысындағы оқушының күн тәртібі, тамақтануына ата-ана тікелей жауапты екендігі айтылды. Сонымен қатар жоғары сынып оқушыларының бойында болатын басқа да психологиялық жай-күйлермен таныстырып, кеңес берілді.
       «Жасөспірімнің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу бойынша шаралар» тақырыбы бойынша жасөспірімдер қазіргі уақытта интернет желісіне қаншалықты тәуелді екендіктері айтылды. Интернет желісінен пайдалы жағынан басқа жағымсыз тұстары бар екендігі айтыла келе мектебімізде 2017-2018 оқу жылынан бастап «Интегро» компаниясы ұсынған «Әлеуметтік желіге талдау» бағдарламасы жұмыс жасайтындығы айтылды. Бағдарламаның мақсаты ата-анасы келісімін берген оқушылардың әлеуметтік желісіне талдау жасалып отырылатындығы айтылды.
«Кәмелетке толмаған балалардың суицидтік (ауто-деструктивті) мінез-құлқының алдын алу» тақырыбында әлемде жасөспірім арасындағы суицид өршіп тұрғаны айтыла келе баланың бойынан қандай суицидтік белгілер болатындығымен таныстырылды. Ата-аналарға «Ата-ана, мені түсін!» бейнеролигі көрсетіліп, ата-аналардың қойылған сұрақтарымен талданды.
      «Отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту: бала тәрбиесі үшін отбасы берекесінің маңыздылығы» тақырыбында отбасының беделін арттыру және дәстүрлі отбасылық құндалақтарды нығайту – Қазақстанның мемлекеттік басым бағыттарының бірі екенін айтты және әр шаңырақтағы өсіп келе жатқан балаға отбасы құндылықтарының қаншалықты маңызды екендігін айтты.
        «Жасөспірімдер ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу шаралары. Мектепте діни атрибутика киюге тыйым салу. Әрбір мектеп оқушысын бірыңғай үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз ету – ата-ананың әлеуметтік маңызды міндеті» тақырыбында ҚР Білім және ғылым министрлігі 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрықпен мектеп формасы үшін бірыңғай қағидалар енгізілгенін айта келе мектебімізде оқушылардың біріңғай мектеп формасын кию керектігін айтты.
      «Жасөспірімдер ортасындағы девианттық мінез-құлық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында жасөспірім кезеңде бойларында болатын өзгерістер жайлы айтылы, осы кезеңде оқушылар теріс мінез-құлыққа бой алдыруға бейім тұратындығы айтылды. Бірақ ата-ананың көмегімен, қамқорлығымен, бақылауымен бұл кезеңді жақсы өтуге болатындығы айтыла келе жасөспірімнің девианттық мінез-құлықтан қалай арылтуға болатын кеңестермен таныстырылды.
Ата-ананың өзін-өзі талдауы: ЖАҚСЫ АТА-АНАНЫҢ ҚАНДАЙ ҚАСИЕТТЕРІ МЕНІҢ БОЙЫМДА БАР, ҚАНДАЙ ҚАСИЕТТЕРДІ ДАМЫТУ ҚАЖЕТ? Ата-аналар конференция соңында өздерін баға беріп, өздерін саралады. Конференция барысында ата-аналар сауалнама толтырды және ол өңделді.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
введите текст
OTANBILIM.KZ - портал развитияе интелектуального потенциала, зарождающийся у детей в дошкольном и школьном возрасте. Цифровые гаджеты в руках педагогов и детей, надо направить на оптимизацию процесса обучения.
введите текст
МОБИЛЬНОЕ П РИЛОЖЕНИЕ объединяет сервисы платформы и позволяет легко переходить из социальной, в торговую часть платформы и обратно, управлять сайтами и сервисами удаленно и быть постоянно через систему уведомлений в курсе последних событий  платформы. 

Статистика

  • Осы айда100
  • Осы аптада17
  • Кеше1
  • Бүгін3
  • Желіде0