Меню KDT
kz ru en

НОВОСТИ ОБРАЗОВАНИЯ

«Бақытты келешектен үміт жібін кеспеймін» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция болды...

15 жылдан астам уақыт бойы мектепке Қошке Кемеңгерұлының атын алу арман болып еді. Сол арманға қол жетіп, ҚР Азаматтық кодексі 42-бабы 6-тармағының 2-тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес, сондай-ақ «Нұр-Сұлтан қаласының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №123 қаулысын іске асыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі 2022 жылғы 29 наурыздағы № 107-876 қаулысымен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 49 орта мектеп КММ-не Қошке Кемеңгерұлы есімі берілді.

Алаш қайраткері, жазушы, драматург, әдебиетші, тілші, тарихшы,

көсемсөз шебері Қошке Кемеңгерұлы есімінің берілуіне байланысты 2022 жылы 19 мамырда «Бақытты келешектен үміт жібін кеспеймін» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция болды.

Салтанатты іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қазбек Иса, Аманжол Әлтай, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» орталығының директоры Ербол Тілешов, Нұр-Сұлтан қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп, Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқарамасының бөлім басшысы Асыл Аманкелдіқызы, Павлодар облысы Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Қ.Кемеңгеров атындағы жалпы білім беретін орта мектеп директоры Мадиян Кабдуова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы қатысып, құттықтау сөздерін айтты.

Конференцияда баяндама жасағандар: Дихан Қамзабекұлы – ҚР ҰҒА академигі, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры, Серік Негимов – Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, ф.ғ.д., Гүлжаһан Орда – М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институның бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., Орынай Жұбаева – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі кафедрасының профессоры, ф.ғ.д., Қайрат Сақ – Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетінің деканы, ф.ғ.к., Сағымбай Жұмағұл – Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, ф.ғ.д., Диляра Гокче – филология магистрі, Еге университеті Түрік әлемін зерттеу институтының қызметкері, Бекарыс Нұриман – PhD, Анкара Хажы Байрам Вели университеті Әдебиет факультеті фольклор кафедрасының оқытушысы, Алмас Иманғали – Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақстан тарихы кафедрасының докторанты, Қайырбек Кемеңгер – Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. мектептің қамқоршылық кеңесінің мүшесі. Жиынға қаламгер Қошке Кемеңгерұлы ұрпақтары, зиялы қауым өкілдері, мектеп мұғалімдері, оқушылары, журналистер және ата-аналар қауымдастығы қатысты.


Білім ордасының басшысы Мухаметжанова Арай Аукеновна қонақтарды қарсы алып, мектептің жетістіктері мен инновациялық және шығармашылық жұмыстардың көрмесімен таныстырды.

Қошкетану орталығында қаламгер мүсінінінің салтанатты түрде ашылуы болды.

Мүсіннің ашылу құрметі Қошке Кемеңгерұлы немересі ардагер ұстаз, «РФ Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері Ризабек Нарманбетұлы мен қазақ жерін Лениннің алдында қорғап, шекарасын бөліп берген Әлімхан Ермекұлының , заңгер, этнограф Жақып Ақбаевтің және халық композиторы, өткір тілді суырып салма ақын Иманжүсіп Құтпанұлының ұрпақтарына берілді.

Ғылыми конференция қарары қабылданып, бекітілді.
Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ

«ҚОШКЕ КЕМЕҢГЕРҰЛЫ АТЫНДАҒЫ № 49 ОРТА МЕКТЕП» КММ

Алаш қайраткері, жазушы, драматург, әдебиетші, тілші, тарихшы,

көсемсөзші Қошке Кемеңгерұлы есімінің Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің

«№ 49 мектеп» КММ берілуіне байланысты өткен «БАҚЫТТЫ КЕЛЕШЕКТЕН ҮМІТ ЖІБІН КЕСПЕЙМІН» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның

ҚАРАРЫ

Нұр-Сұлтан қаласы 19.05.2022

Конференция жұмысына отандық және шетелдік ғалымдар, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, БАҚ өкілдері, мәдениет саласының мамандары, білім алушылар, қаламгер Қошке Кемеңгерұлы ұрпақтары, журналистер және ата-аналар қауымдастығы қатысты. Ғылыми форум оффлайн және онлайн форматта өтті.

Ғылыми жиын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 123 қаулысын іске асыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 29 наурыздағы № 107-876 қаулысымен «№ 49 орта мектеп» комуналдық мекемесіне алаш қайраткері, қаламгер Қошке Кемеңгерұлы есімінің берілуіне орай ұйымдастырылды.

Пленарлық мәжілісте алаш қайраткерлерінің қажырлы қызметі, құнды рухани еңбегі өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелейтін асыл мұра болатындығы пайымдалды. Қайраткер, қаламгер Қошке Кемеңгерұлының шығармашылығы, еңбектеріндегі елдік мұрат идеясы, олардың тәуелсіздік құндылықтарымен сабақтастығы байыпталды. Қазіргі «Жаңа Қазақстан» бағдарында отандық тұлғатану, мұратану, ұлттану, елтану салаларының өзекті мәселелері аясында Қошке Кемеңгерұлының шығармашылық және тұлғалық мұрасы зерделенді.

Ғылыми баяндамалар алдында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік қызметкерлер, қоғамдық ұйым өкілдері, Қ.Кемеңгерұлы ұрпақтары құттықтау сөздерін айтты.
Пленарлық отырыста жасалған баяндамалар үлкен қызығушылық тудырды. Конференция қорытындысы бойынша мынадай қарар қабылданды:

  1. Ғылыми жиында мәлімделген елдік ұстаным, Тәуелсіздік пен тұлға, ұлттық құндылықтар мен парасат нысанасы қазіргі Қазақстан қоғамының, әсіресе ғылым мен білім, мәдениет пен ақпарат саласының арқауына айналсын.
  2. Ел тәуелсіздігін нығайту, Жаңа Қазақстан бағдарын жүзеге асыру ісінде алаш құндылықтары адастырмас темірқазыққа айналсын.
  3. Алаш қайраткері, қаламгер Қошке Кемеңгерұлы есімінің Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 49 мектеп» КММ берілуіне байланысты өткен «Бақытты келешектен үміт жібін кеспеймін» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары баспадан шықсын және оның қарары Қазақстан кітапханаларына және жауапты орындарға таратылсын.
  4. Отаншылдықты арттыру, елдік идеяны өзектендіру, білім саласында маман даярлау ісінде Қ.Кемеңгерұлының шығармашылық еңбегі пайдаланылсын.
  5. Қ.Кемеңгерұлының отандық тіл білімі, әдебиет, әдеби сын, журналистика, тарих, география, ауылшаруашылық салалары бойынша ғылыми әдістемелік және оқу-әдістемелік жұмыстар, тың зерттеулер жүргізуде ескерілсін.
  6. Жаңа 2022-2023 оқу жылынан бастап Қ.Кемеңгерұлы атындағы № 49 мектептің үздік оқушыларына комиссия шешімімен «Қошке Кемеңгерұлы қоры» атынан шәкіртақы тағайындалсын.
  7. «Қошке Кемеңгерұлы оқулары» деген ортақ атаумен ғылыми-тәжірибелік конференция, дөңгелек стол, семинар ұйымдастыру дәстүрге айналсын.
  8. Қошке Кемеңгерұлының тың еңбектері жинақталып, алаш білімпазының мемлекеттік тапсырыспен толықтырылған «Шығармаларын» ғылыми мекемелерге шығару ұсынылсын.
  9. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қошке Кемеңгерұлы атындағы № 49 орта мектеп пен Павлодар облысы Баянауыл ауданы Күркелі ауылындағы Қошке Кемеңгеров атындағы орта мектеп арасында шығармашылық байланыс орнатылсын.
  10. Қошке Кемеңгерұлының өмірі мен шығармашылығы, әдебиеттану, тарих, тіл білімі, журналистика салаларындағы еңбегі бойынша мектеп оқушыларына ғылыми жоба тақырыптары ұсынылсын. Қарар конференцияның қорытынды мәжілісінде бекітілді.

 



Конференциядан соң, мектептің талантты оқушылары Қошке туындылары мен өз шығармашылықтарын мәнеріне келтіріп оқып, өнерлерін көрсетті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанат Егінбайқызының жетекшілігімен мектептің жас мамандарынан құрылған «Жас қанат» театрының әртістері Қошкенің 1926 жылы Қызылорда қаласында Мемлекеттік ұлт театрының ресми ашылуында ойналған «Алтын сақина» пьесасын сахналады. Салтанатты шара Қошке ұрпақтары және мектептің домбырашылар ансамблінің орындауындағы күмбірлеген күймен ұласты.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
введите текст
OTANBILIM.KZ - портал развитияе интелектуального потенциала, зарождающийся у детей в дошкольном и школьном возрасте. Цифровые гаджеты в руках педагогов и детей, надо направить на оптимизацию процесса обучения.
введите текст
МОБИЛЬНОЕ П РИЛОЖЕНИЕ объединяет сервисы платформы и позволяет легко переходить из социальной, в торговую часть платформы и обратно, управлять сайтами и сервисами удаленно и быть постоянно через систему уведомлений в курсе последних событий  платформы. 

Статистика

  • Осы айда95
  • Осы аптада25
  • Кеше3
  • Бүгін1
  • Желіде0