"Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" ақпараттық науқаны аясында "Рузаевка орта мектебі" КММ 9-11 сынып оқушылары арасында "Зорлық-зомбылықсыз әлемді қалай құруға болады" тақырыбында эссе байқауы өткізілді.
16 қарашада қорытынды шығарылды. Жеңімпаздар: 10 сынып оқушысы Муратов Алихан – 3 орын, 9 сынып оқушысы Ковчина Карина – 2 орын, 11 сынып оқушысы Ермакова Алина – 1 орын.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және жаңа шығармашылық жеңістер тілейміз!