Кәсіби бағдар беру әңгімесі - бұл болашақ мамандықты қалай дұрыс таңдау керектігі туралы диалог.
2022 жылғы 18 қарашада кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында "Рузаевка орта мектебі" КММ кәсіптік бағдар беруші педагогы Е.Н.Лютько 9-сынып оқушыларымен " Мен кім боламын? Мамандық таңдаудың "қалаймын-қолымнан келеді-қажет" формуласы".
Әңгіме барысында оқушылар "Мен кім боламын?" бейнеролигін қарап, мамандық таңдаудың негізі неде екенін талқылап, оны таңдауға көмектесетін формула туралы білді. Әңгіме соңында оқушыларға мамандық таңдау ережелері жазылған жадынамалар таратылды.