Меню KDT

Новости

Главная Новости

08.12.2025

"Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

<div>"Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға тәуелсіздіктің оңайлықпен келмегенін түсіндіру.</div><div>Жас ұрпақ бойында еліне,жеріне,ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру. Өз елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу. Тәуелсіздік алғаннан кейіңгі жеткен жетістіктермен таныстыру.</div><div>Өткізген: Канаева С.В. сынып жетекші.</div>

08.12.2025

педагогикалық идея

"Сабақ аяқталған соң"бағыты бойынша 1орын Сарсенбаева Гулжамила Мырзабаевна  М Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі

08.12.2025

педагогикалық идея

Шеберлік палитрасы бағыты бойынша 1-орын Көшербай Тілектес Серікбайқызы М Әбдіхалықов атындағы мектеп гиназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

08.12.2025

КММ-нің «Жас сақшы» жасақ мүшелері республикалық «Жүргізуші, абай бол!» флешмобына қатысып, жол қауіпсіздігіне бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қысқы жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің «Жас сақшы» жасақ мүшелері республикалық «Жүргізуші, абай бол!» флешмобына қатысып, жол қауіпсіздігіне бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

08.12.2025

Мен цифрлық зорлық - зомбылыққа қарсымын

"Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі" КММ жанындағы интернат балалар мен " Гендерлік зорлық- зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс- қимыл"

08.12.2025

Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы «Белсенді әрекет етудің 16 күні» халықаралық науқаны аясында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық жұмысы арқылы бейбітшілік, достық және келісім құндылықтарын қалыптастыру мақсатында «Пески орта мектебі» КММ-де 1–4 сынып оқушылары арасында «Бейбітшілік пен келісімде өмір сүреміз» тақырыбында сурет байқауы өткізілді.

Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы «Белсенді әрекет етудің 16 күні» халықаралық науқаны аясында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық жұмысы арқылы бейбітшілік, достық және келісім құндылықтарын қалыптастыру мақсатында «Пески орта мектебі» КММ-де 1–4 сынып оқушылары арасында «Бейбітшілік пен келісімде өмір сүреміз» тақырыбында сурет байқауы өткізілді.

06.12.2025

“Ер есімі – ел есінде”

Қарашаның 29 күні мектебімізде 🎖 Қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған “Ер есімі – ел есінде” 5–6 сыныптар арасындағы мәнерлеп оқу сайысы өтті  Ұлағатты шараға қатысқан барлық оқушыларға алғыс білдіреміз! Өнерімен, жүрекпен оқыған жырларымен көрермендерді тәнті еткен озаттарымыз төмендегідей марапатталды: 🥇 1-орын – Жаңабай Арайлым 🥈 2-орын – Балтабай Досжан 🥉 3-орын – Оразбай Жанерке 🌟 Көрермен көзайымы – Сырым Айша 🎤 Ең әсерлі дауыс – Қалбек Айгүл Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз! Батыр бабамыздың ерлігі ұрпақ санасында мәңгі жаңғыра берсін! 🇰🇿✨

06.12.2025

Сапарғали Бегалиннің

📚Мектеп кітапханасында танымдық іс-шара өтті  24 ші қараша күні мектеп кітапханашысы Г. Урунбасарова оқушыларға арналған тәрбиелік және танымдық бағыттағы іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара барысында оқушыларға қазақ әдебиетінің әйгілі жазушысы, балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі – Сапарғали Бегалиннің өмір деректері мен шығармашылық жолы кеңінен таныстырылды.

06.12.2025

📌 «Қамқоршылық және сүйіспеншілік»

📌 «Қамқоршылық және сүйіспеншілік» тақырыбына арналған ашық есік күні  18 қараша күні «№1ЖББМ»КММ-нің психологы  ата-аналарға арнап Ашық есік күнін өткізіп, шараның негізгі өзегін «Қамқоршылық және сүйіспеншілік» тақырыбына арнады. Бұл тақырып кездесу барысында барлық тренингтердің мазмұны мен маңызын айқындап, ата-ана мен бала арасындағы жылы қарым-қатынасты күшейтуге бағытталды.  

06.12.2025

“Зерделі ұрпақ”

28 қараша күні оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылығы және жаратылыстану пәндері негізінде 4-сынып оқушылары арасында “Зерделі ұрпақ” олимпиадасының аудандық кезеңі ұйымдастырылды.  Қорытынды бойынша мектебіміздің 4-сынып оқушыларынан құралған команда жүлделі ІІ орынға ие болды! 🎉

06.12.2025

Сәтбаева Базаргүл Жақсылыққызы

01.12.26 ж. күні мектебіміздің медбикесі Сәтбаева Базаргүл Жақсылыққызы ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу мақсатында 5–8 сынып оқушыларынан диктант алып, олардың ауру белгілері мен сақтану жолдары туралы білімдерін пысықтады. Сондай-ақ медбике бастауыш сынып оқушыларына дұрыс тамақтану және жеке гигиена тақырыптарында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, пайдалы кеңестер берді. Балалардың денсаулығы – біздің басты назарымыз! 🩺🌿