Меню KDT

Новости

Главная Новости

26.05.2026

«Жазғы демалыс – балалардың қауіпсіздігі мен жан-жақты дамуының кезеңі»

«Жазғы демалыс – балалардың қауіпсіздігі мен жан-жақты дамуының кезеңі» ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Мектебімізде 2025–2026 оқу жылының аяқталуына байланысты жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.

Күн тәртібінде:

1. Жазғы демалыс кезіндегі оқушы қауіпсіздігін сақтау – басты міндет

2. 2026-2027 оқу жылына арналған мектеп формасына қойылатын талаптар туралы ақпарат

(біркелкі киіну ережелері, тазалық және ұқыптылық дағдылары)

3. Бітіруші сыныптардағы (9,11) қорытынды аттестаттау туралы, аттестаттау кезінде ата-аналардан заңсыз ақша жинауға жол берілмейтіні туралы мектеп директорының бұйрығы таныстырылды.

4. Жазғы демалыс лагерлері мен мектеп жанындағы алаңның ұйымдастырылуы туралы ақпарат.

(Оқушылардың қатысуы, уақыт кестесі, жауаптылар және қауіпсіздік талаптары)

Жиналыс барысында оқу жылының қорытындылары шығарылып, оқушылардың жетістіктері мен тәрбие бағытында атқарылған жұмыстарға шолу жасалды.Мектеп пен ата-ана арасындағы тығыз байланыс – бала тәрбиесінің берік негізі. Оқу жылы бойы қолдау білдіріп, мектеп өміріне белсенді араласқан барша ата-аналарға алғысымызды білдіреміз!

Барша оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен қауіпсіз жазғы демалыс тілейміз

26.05.2026

Заң мен тәртіп – Конституция құндылықтарының негізі

Мектебімізде «Заң мен тәртіп – Конституция құндылықтарының негізі» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.

26.05.2026

Халықаралық Отбасы күні.

15 мамыр-Халықаралық Отбасы күні. Осы күні Гуцев лицейінің отбасы " Отбасылық аллея "қалалық акциясына қатысты. Ата-аналары Александр Сергеевич пен Яна Юрьевна ұлдарымен бірге табиғат пен экологияны сақтауға үлкен үлес қосты.

25.05.2026

25 мамыр

Бүгін, 25 мамыр күні, Совет орта мектебінде 11-сынып оқушылары үшін Соңғы қоңырау салтанаты өтті. Бұл күн түлектер, мұғалімдер мен ата-аналар үшін ерекше әрі толқынысқа толы сәт болды. Салтанатты жиында құттықтау сөздер айтылып, ұстаздарға алғыс білдіріліп, түлектерге ақ жол тілінді. Оқушылар үшін мектеп өмірінің маңызды бір кезеңі аяқталып, алда жаңа мақсаттар мен үлкен армандар күтіп тұр. Мереке жылы әрі әсерлі көңіл күйде өтіп, барша қатысушылардың жүрегінде жарқын естелік болып қалды.

25.05.2026

Заң және тәртіп. Халық Конституциясының құндылықтары

25 мамырда "Совет орта мектебі" КММ-де "Заң және тәртіп. Халық Конституциясының құндылықтары". Іс-шара барысында оқушылар қоғамдағы заң мен тәртіптің маңызын, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ Конституция мен мемлекеттік құндылықтарды құрметтеудің қажеттілігін талқылады.