Табиғатқа ұқыпты қарауды қалыптастыру және құстарға көмектесу мақсатында көктемде "Червонный орта мектебі" КММ-де "құстарға арналған құс үйі"акциясы өтті.
Бүгін, 23 сәуір күні, Совет орта мектебінде Ұлттық кітап күніне орай бірінші сабақ басталар алдында Мағжан Жұмабаевтың шығармаларын бірыңғай оқу ұйымдастырылды. Оқушылар мен педагогтар іс-шараға қызығушылықпен қатысып, көрнекті ақынның өлеңдерін оқып, оның шығармашылық мұрасымен танысты. Аталған акция оқу мәдениетін насихаттауға, рухани құндылықтарды дамытуға және ұлттық әдебиетке деген қызығушылықты арттыруға бағытталған.
22 сәуір күні 15–17 жас аралығындағы «Жас Сарбаз» қозғалысының мүшелері арасында «Батыр» аудандық спартакиадасы өтті. Біздің оқушылар жарысқа белсенді қатысып, өздерінің жоғары дайындық деңгейін, қайсарлығын және жеңіске деген ұмтылысын көрсетті. Белсенді қатысушылар қатарында Раймхен Альма, Кабачек Римма, Нурмагамбетова Камила, Ахмулин Алмаз, Денисов Владимир, Бракк Даниил болды.
Жадан Станислав ерекше көзге түсіп, бірнеше сайыс түрінен жүлделі орындарға ие болды:
— «Күштік дайындық» бойынша І орын;
— «Калашников автоматын толық емес бөлшектеу» бойынша І орын;
— «Оқжатарды патрондармен жабдықтау» бойынша ІІ орын;
— «Калашников автоматын жинақтау» бойынша ІІ орын.
Жеңістерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта да табыс тілейміз!
Ұлттық кітап күні аясында "Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі" КММ-нің 6-сынып оқушылары қазақтың көрнекті ақыны, жазушысы, Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаевтың шығармаларын оқуға 10 минут уақыт арнады.