Әңгіме барысында оқушылар буллингтің не екенін, оның түрлері мен салдарын танып, қауіпсіз және құрметке негізделген қарым-қатынас ережелерін талқылады. Психолог құқық бұзушылықтардың қандай салдарға әкелетінін түсіндіріп, қақтығыс жағдайында үлкендерден көмек сұраудың маңызын атап өтті.

Бұл әңгіме оқушылардың қауіпсіз қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға, жанжалдың алдын алуға және өз мінез-құлқына жауапкершілікпен қарауға бағытталды.

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімдері Увалиева Б.А. мен Амиржанова Г.Е. 4-сынып ата-аналарына арналған «Жеке қауіпсіздік және баланы зорлық-зомбылықтан қорғау» тақырыбындағы бала қауіпсіздігі бойынша тренинг өткізді.
Мен қызмет етіп жатырған мектеп-мұражай. Иә, тарихы мол, сырға толы құжат дерсің. Бірінші бетін ашып оқысаң тоқтай алмайсың. Оған куә мен. Мектептің 65 жылдығын атап өттік. Көңілім күпті, жақсы жаңалықтарым көп. Иә, басталды. Менің рөлім осы мектептің өркендеп осы деңгейге жетеуіне үлес қосқан директорлар жайында тәлімдеме жасау болды.
“Балалар кітапханасы” жобасы аясында “Демалыста кітап оқимыз” атты акция өтті. Акцияның мақсаты – балалардың бос уақытын тиімді өткізуге жағдай жасау және кітап оқуға қызығушылығын арттыру. Іс-шара барысында балалар өздеріне ұнаған кітаптармен танысып, сүйікті шығармаларынан үзінділер оқыды. Акция балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, оқу мәдениетін дамытуға ықпал етті.
22.10.2025ж күні “Ұшқыр ой“ жобасы аясында мектеп президенті қарарындағы ойын өткізілді, «Жақсылық жасап жарысайық» қағидасының жастар арасындағы өзектілігі талқыланды! Пікірсайысты жоба жетекшісі — Б. Фаил. ұйымдастырды. Мақсаты: Жастарды мейірімділікке, жақсылық жасауға шақыру, өзара қолдау мен сыйластықты нығайту арқылы қоғамдағы оң өзгерістерге үлес қосуға ынталандыру. #ҰшқырОй #МектепПрезиденті #Жақсылық #Жастар #Пікірсайыс
Ата-аналарға арналған дәріс өтті

17.10.2025 ж күні Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, 10–11 сынып ата-аналарына арналған «Жасөспірімнің ұйқысы мен психикалық денсаулығы» тақырыбында дәріс өткізілді.
📚 Ата-аналарға арналған дәріс өтті

23.10.2025 ж. Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, 1–4 сынып ата-аналарына арналған «Жеке қауіпсіздік және баланы зорлық-зомбылықтан қорғау» тақырыбында дәріс ұйымдастырылды.