Құрметті ата-аналар!
Жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұраймыз:
Электр құралдарын қараусыз қалдырмаңыз;
Балаларға от пен сіріңкемен ойнауға тыйым салыңыз;
Пешті және электр жылытқышты тек жарамды күйде пайдаланыңыз;
Үйден шығарда электр құралдарын өшіріңіз;
Газ плитасын бақылаусыз қалдырмаңыз.
Өрт болған жағдайда 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз!
Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның 35 жылдығына және қарттарды қолдау айының жұмыс жоспарына сәйкес мектебімізде ерекше мазмұнды іс-шара ұйымдастырылды!Интерактивті үстел ойындары мен шахмат турнирі оқушылар, мектеп педагогтері және ардақты зейнеткер ұстаздардың қатысуымен өтті.
"Кедергісіз болашақ" жобасы аясында ұйымдастырылған "Тең мүмкіндіктер" спорт фестивалінің аудандық іріктеу кезеңі 3–4, 5–6 және 7–8 сынып оқушылары арасында өткізілді.
Қазан айының тоғызыншы жұлдызында қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау айлығының жұмыс жоспарына сәйкес "Балалар кітапханасы" жобасы аясында зейнет жасындағы мектеп ұстаздары мен қызметкерлері және оқушыларның қатысуымен "Бірге оқимыз" акциясы ұйымдастырылды.