«Atameken» QR UKP bastamasymen, Bіlіm jáne ǵylym mınıstrlіgі qoldaýymen 2019 jyldan bastap «Kásіpkerlіk negіzderі» pánі elіmіzdegі jalpy bіlіm beretіn orta mektepterdіń barlyǵyna engіzіldі.
Ағымдағы жылдың қарашаның 13-і аудандық «Ақшақар-2019» қысқы ауылдық балалар ойыны Бидайық ауылында өтті. Жарысқа әр елді - мекеннен күннің көзі қырауда екеніне қарамай 19 аудан мектептерінің командасы қатысты. Дене тәрбиесі мұғалімдерімен қатар мектеп директорлары командаларын бастап келді. Кішкенекөл қазақ мектеп-гимназия командасы жалпы командалық есеппен 2 орын иеленіп, 30 мың сертификатқа ие болды.
13 ақпан күні аудандық мәдениет Үйінің ұйымдастыруымен Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылуына 30 жыл толуына орай, "Жауынгерге құрмет" атты әскери-патриоттық әндер фестивалі өткізілді. Фестивальге "Күншуақ" бөбекжай балабақшасы, "Балдаурен" балабақшасы, ауылшаруашылық колледжі, қазақ мектеп-гимназиясы, Бидайық, Телжан ауылдық округтері қатысты. Әкімшілік тарапынан фестивальге аудан әкімінің орынбасары Айгүл Зендақызы Жауарова қатысып, қатысушыларға сәттілік пен өнер шыңдарын бағындыруды тіледі.

Бекітемін:

Мектеп директоры: Тоқпанов М С

Өзін – өзі тану мұғалімі : Омарова А М

Мерзімі:

Сынып: 7

Тақырыбы: «Ұжымдағы өзара қарым-қатынас»

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: жауапкершілік, ізгілік, мейірімділік

Мақсаты: Оқушыларға ұжымдағы қарым-қатынастың адамгершілікке негізделуі керектігін ұғындыра отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

- оқушыларды ұжымдағы тұтастық, жауапкершілік, сүйіспеншілік құндылығына негіздеуге үйрету;

- оқушылары айналасындағыларға риясыз қарым-қатынас жасауға баулу;

- оқушыларды ізгілікке, мейірімділікке, риясыздыққа тәрбиелеу;

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

ережесі бойынша Тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық

І. Тыныштық сәті Тыныс алу жаттығуы

Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 6-8 рет)

Рахмет.

Ресурстар:

Оқулық, оқушы дәптері,

ІІ. Үй тапсырмасы:

Мұқан Иманжановтың «Алғашқы айлар»повестен үзінді

1.Бірлік, сыйластық,ұжымшылдық, ұйымшылдық деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?

2.Сапар неліктен сыныптан оқшауланып қалды? Оған кім кінәлі?

3.Мақсатына жету үшін Сапарға қандай ақыл-кеңес берер едіңдер?

4.Сапар қайткенде өзі ойлағандай жақсы оқушы болады деп ойлайсыңдар?

5.Сапардың бойынан қандай қасиет байқалады? Бұл қандай құндылықтың көрінісі?

ІІІ. Дәйексөз

«Адамдардың ортасында өмір сүріп бақытты болу дегеніміз – ең алдымен өзіңе тиістіні тындыру, өз борышыңды ақтай білу деген сөз»

В. Сухомлинский

Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндіңдер?

ІҮ. Әңгімелесу. Адамдар арасындағы қарым-қатынас

1.Адамдар арсында қандай байланыс болды?

2.Қарым-қатынастың адам өмірінде маңызы бар ма?

3.Жақсы қарым-қатынас жасай білу үшін қандай қасиеттер қажет?

Ү. Шығармашылық жұмыс.

1-топ. Көрнекті мемлекет қайраткері А. Линкольннің «Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым қатынасы» деген ойын басшылыққа алып, өз сыныбындағы қарым-қатынасты жақсартудың жолдарын ұсына отырып, ой-толғау жазу.

2-топ.Сыныптағы қарым –қатынастарыңды жақсарту жолдары

3-топ.Сенің байқауыңша, сыныптас жолдасың соңғы кезде сабаққа, қоғамдық жұмыстарға самарқау қатысып, тұйық жүр. Оның сабаққа үлгерімі де төмендеп кетті. Осы жағдайда сен не істейсің?

ҮІ. Топпен ойын.

«Аңдар мен жәндіктер» жаттығуы

Нұсқау: Бәріне қағаз таратылады. Бәрі әр қатарға өздерінің ұнайтын аңдар мен жәндіктердің аттарын жазады. Саны алтау. Осыдан кейін әркім менің оқыған сөйлемімді тыңдайды, оқылған сөйлем арасында өзі жазған сөздерді рет – ретімен оқып отырады, яғни өзінің кім екендігін анықтау.

Қорытынды:

1. Мені жұрт .... деп ойлайды.

2. Мені ...... деп ойласа екен деп ойлаймын.

3. Дәл өзім .....

4. Мен жұмыста.....

5. Жолдасыңыздың алдында.....

6. Негізі........

Тест:

Қорытынды.

Түстерді ажырату

ҮІІ. Үйге тапсырма.

Оқулықтың 90 бетіндегі Не деген керемет күн әнді жаттап келу

ҮІІІ. Соңғы тыныштық сәті

Бүгінгі сабағымызда айтылған жақсы қасиеттерді есімізде сақтап іс жүзіне асырайық.

Және жүрекшенің ішіне өзімізде бар қарым қатынасты жазайық

"Ауған соғысының ардагері әрі жерлесіміз Маденов Б.Ж. кездесу кеші"

11 – 20.02.2019 ж. аралығында болып жатқан «Өзін-өзі тану» апталығы қарсаңында 3 сыныптар арасында 15.02.19 ж. күні «Ағаңдай қамқор бол, ініңдей кішіпейіл бол» атты іс-шара өткізілді.

«Өзін-өзі танупәнінінң мұғалімі Рахимова З.Т. "Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндігін өткізу іс-шаралар жоспары бойынша, білім сферасын руханилық және ізгілік бағытында жаңартудың қажеттілігі. Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинар өтті

Жалпыадамзаттық құндылықтар – рухани-адамгершілік білім берудің негізі туралы мәліметтер бере отырып, ұстаздардың бойында ізгілік қасиеттерді бала тәрбиесімен ұштастыра білуге бағыт беру.

Күтілетін нәтиже

Мұғалімдер жаңаша үлгіде жұмыстанып, жеке тұлғаның шығармашылығын дамытуға қол жеткізеді.