Меню KDT

Новости

Главная Новости

18.09.2026

«Тіл – ойдың шындығы»

Бүгін, 2026 жылғы 17 қыркүйекте Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б. Кусаинованың ұйымдастыруымен «Тіл – ойдың шындығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Жантаев Марат пен Қуанышбаев Бекмырза дөңгелек үстелді ерекше форматта жүргізіп, қатысушылардың еркін әрі мазмұнды пікір алмасуына жағдай жасады. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – тіл туралы ой-пікірлермен бөлісу, қазақ тілінің қоғамдағы маңызы мен құндылығын талқылау және мемлекеттік тілге деген құрметті арттыру еді.Іс-шараға жас мамандар мен ұстаздар қатысып, тілдің адам өміріндегі орны, ұлттық құндылық ретіндегі маңызы және қазақ тілінің бүгіні мен болашақтағы дамуы туралы ойларын ортаға салды.Кездесу барысында қатысушылар:

тілдің ұлттың рухани байлығы екені;

ана тілін құрметтеу әр азаматтың парызы екені;

сапалы білім мен сауатты сөйлеудің маңызы;

қазақ тілінің қазіргі қоғамдағы орны мен болашақтағы рөлі туралы пікір алмасты. Әсіресе жас мамандар талқыланған мәселелерге ерекше көзқарас танытып, өз ойларын ашық әрі еркін жеткізе білді. Олар ана тілінің мәртебесі, сауатты сөйлеу мәдениеті және қазақ тілінің болашағы жөніндегі құнды пікірлерімен бөлісті.

М. Әуезовтің «Тіл – адамның ойлау қабілетінің, сезімінің айнасы» деген сөзі тілдің адам өміріндегі айрықша орнын айқындайды. Тіл – тек қарым-қатынас құралы емес, ол – ұлттың болмысын, тарихын, мәдениеті мен рухани құндылықтарын ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін асыл мұра.Сондықтан ана тілімізді құрметтеу, оны таза әрі сауатты қолдану – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз. Тілге деген құрмет – елге деген құрмет, ал тілді дамыту – ұлттың болашағын нығайту.Дөңгелек үстел мазмұнды пікірлер мен тағылымды ойларға ұласып, жас мамандарға рухани серпіліс сыйлады.

18.09.2026

Су ресурстарына жауапкершілікпен қарау.

2026 жылғы 18 қыркүйекте "№2 Новоишим орта мектебі" КММ су ресурстарына ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру бойынша білім алушылар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

18.09.2026

Біз қауіпсіз жолды қолдаймыз!

«№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу мақсатында ұйымдастырылған «Абайла, балалар!» онкүндігі аясында «Біз қауіпсіз жолды қолдаймыз!» акциясы өтті.

18.09.2026

Тәуекелдердің алдын алу және жасөспірім қыздардың денсаулығын қорғау

"№2 Новоишим орта мектебі" КММ 2026 жылы 17 қыркүйек күні 8-11 сынып оқушыларының аналарына"Тәуекелдердің алдын алу және жасөспірім қыздардың денсаулығын қорғау: отбасының, мектептің және медициналық қызметтің рөлі" тақырыбына ата-аналар жиналысы өтті.

18.09.2026

Махамбет оқулары

2026 жылғы 17 қыркүйекте «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де республикалық **«Махамбет оқулары» конкурсының аудандық кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді. Ұлт руханиятында өзіндік орны бар дауылпаз ақын Махамбет Өтемісұлының шығармашылық мұрасын насихаттау, оқушылардың ақын поэзиясына деген қызығушылығын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында өткен байқауға аудан мектептерінен оқушылар қатысты.

18.09.2026

“Әжемнің ертегісі”

“Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі” КММ.

“Әжемнің ертегісі”

18.09.2026

«Тіл – халықтың рухани қазынасы»

“Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі”КММ. Қазақстан халқының тілдері күніне орай 8 «А» және 8 «Ә» сынып оқушылары арасында «Тіл – халықтың рухани қазынасы» тақырыбында интеллектуалдық сайыс ұйымдастырылды.