2026 жылдың 9 қаңтарында «Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ-де Ата-аналарға арналған «Қаржылық жауапкершілік» ААПҚО қызметі аясында ата-аналарға арналған қаржылық сауаттылық бойынша шағын бейнероликтер мен жобалар көрсетілді.
Сүйікті өнімдеріңіздің әдемі қаптамасының артында не жасырылғанын білесіз бе? Көбіміз тағамды сыртқы түріне қарап таңдаймыз, бірақ денсаулықтың нақты құпиясы артқы жағындағы ұсақ әріптермен жазылған. Саналы түрде тамақтануды қалайтындар үшін арнайы «Этикеткаға 5 секунд – өмір бойына денсаулық» атты ақпараттық ролигі әзірленді.
«Жапсырмаға 5 секунд — өмір бойғы денсаулық»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Келешек мектептерін басқару моделі ретінде айқындалды.
2026 жылдың 8-9 қаңтар аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен республикалық "Педагогикалық идеялар фестивалі" кокурсы өткізілді. Мектебімізден Сарсенбаева Гүлжамила Мырзабаевна қатысушы сертификат алса Көшербаева Тілектес Серікбаевна 2 орын иеленді. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!