Меню KDT

Новости

Главная Новости

04.08.2026

Балақайлар мектебі» өз жұмысын бастады

Балақайлар мектебі» өз жұмысын бастады! ✨
2026 жылғы 3–21 тамыз аралығында «Новоишим орта мектебі №1» КММ-де болашақ бірінші сынып оқушыларына арналған «Балақайлар мектебі» дайындық курстары өз жұмысын бастады.
Салтанатты ашылу рәсімі болашақ оқушыларды, олардың ата-аналарын және педагогтерді біріктірген ерекше мерекеге айналды. Қазақтың ұлттық әуендерімен үйлескен заманауи музыка мерекелік көңіл күй сыйлап, бүлдіршіндердің мектеп өміріне деген қызығушылығын арттырды.
Іс-шара барысында жүргізушілер құттықтау сөз сөйлеп, балаларға білім әлеміндегі алғашқы қадамдарының сәтті болуына ізгі тілектерін білдірді.
Мерекенің сәнін қазақ халқының сүйікті кейіпкері Алдар Көсе келтірді. Балалар онымен бірге «Дорбаны жина» ойынына қатысып, мектепке қажетті оқу құралдарын ажыратты. Сонымен қатар «Бәйге» эстафетасында бақ сынап, қызықты жұмбақтарды шешіп, өздерінің ептілігі мен зеректігін көрсетті.
Салтанатты ашылудан кейін бүлдіршіндер алғашқы сабақтарына қатысып, білім әлеміне алғашқы қадамдарын жасады.
«Балақайлар мектебі» дайындық курстарының жұмысына жауапты бастауыш сынып мұғалімдері:
👩‍🏫 Мукашева Ш.Д.
👩‍🏫 Баяхметова З.С.
👩‍🏫 Алгазина Ж.А.
💐 Ата-аналарға көрсеткен сенімдері үшін алғысымызды білдіреміз! Болашақ бірінші сынып оқушыларына білімге құштарлық, жарқын жетістіктер, жаңа достар және мектеп өміріне сәтті қадам тілейміз!

03.08.2026

Балақайлар мектебі

3 тамызда "Бірлік орта мектебі" КММ-де болашақ бірінші сынып оқушыларына арналған "Балақайлар мектебі" ("Малышкина школа") мектепалды даярлығының қысқа мерзімді бағдарламасы өз жұмысын бастады.

Бағдарлама 1-сыныпқа түсер алдында балалардың бастапқы мүмкіндіктерін теңестіруге, танымдық, коммуникативтік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ мектеп өміріне сәтті бейімделуге бағытталған.

Сабақтар 3-21 тамыз аралығында күн сайын сағат 10:00-ден бастап мейірімді және қызықты атмосферада өтеді. Тәжірибелі мұғалімдердің жетекшілігімен балалар мектеппен танысады, құрдастарымен қарым-қатынас жасауды үйренеді, сөйлеу, ойлау, зейін, есте сақтау және ұсақ моториканы дамытады, сонымен қатар оқу іс-әрекетінің алғашқы дағдыларын алады.

Болашақ бірінші сынып оқушыларымызға қызықты іс-шаралар, жаңа ашылулар, жақсы көңіл-күй және мектеп өміріне табысты дайындық тілейміз!

01.08.2026

Республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы

Республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы

01.08.2026

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ

Жаңа оқу жылы қарсаңында елімізде жыл сайынғы «Мектепке жол – 2026» республикалық қайырымдылық науқаны басталды.

Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңіне қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

Осыған орай жаны жайсан, қолы ашық, жомарт жандардың барлығын өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасап, олардың болашағына үкілі үміт сыйлау мақсатында

"Мектепке жол Республикалық акциясына

1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында белсенді қатысуға шақырамыз! Әлеуметтік педагог Диляра Джилкибаева байланыс телефоным 87758719307

31.07.2026

Мектпеке жол

Мектепке жол" акциясы 🎒
"№1 Новоишим орта мектебі" КММ барлық қамқоршыларды 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтетін жыл сайынғы "Мектепке жол" қайырымдылық акциясына қатысуға шақырады. Мектепке дайындық-әр отбасы үшін маңызды және жауапты кезең. Сондықтан "Мектепке жол" акциясы жыл сайын қиын өмірлік жағдайға тап болғандарға көмектесуге дайын бей-жай адамдарды біріктіреді.