Меню KDT

Новости

Главная Новости

05.12.2025

«Маңызды мамандықтар»

03–07 қараша 2025 жыл «Мамандықтар марафоны» өтті Тақырыбы: «Маңызды мамандықтар» (9–11 сынып) 🎯 Мақсаты: Жоғары сынып оқушыларына қазіргі және болашақта сұранысқа ие мамандықтар туралы толық ақпарат беру, еңбек нарығындағы негізгі трендтерді түсіндіру, сондай-ақ әр оқушының жеке кәсіби жолын анықтауға көмектесу.

05.12.2025

“Тұмау және жіті респираторлық вирустық жұқпалар”

📌 Жалпы ата-аналар жиналысы өтті 18 қараша күні мектебімізде жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысты Ата-аналар кеңесінің төрайымы Г. Арманқызы жүргізді. Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды: 1️⃣ І тоқсан қорытындысы Баяндамашы – мектеп директорының оқу-әдістемелік жөніндегі орынбасары Ж. Унгарбаева бірінші тоқсандағы оқу көрсеткіштері мен оқушылардың жетістіктері туралы ақпарат берді. 2️⃣ “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасының орындалуы 

05.12.2025

🌍 TurkicSkills 2025

06.10.2025 ж. мектебіміздің 8–10 сынып оқушылары TurkicSkills 2025 – алғашқы халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатына барып қайтты. 🌍 TurkicSkills 2025 — түркітілдес елдердің кәсіби мамандарының біріккен алаңы. Бұл чемпионатқа Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан және Венгриядан 70-тен астам қатысушы қатысты 🇰🇿🇹🇷🇦🇿🇰🇬🇺🇿🇹🇲🇭🇺.

05.12.2025

Электронды еңбек биржасы

📌 Электронды еңбек биржасы бойынша ақпараттық кездесу 03.11.2025 ж. №6 жалпы білім беретін мектепте Қарақия ауданына қарасты Құрық ауылы мектептерінің оқушылары үшін жұмыспен қамту орталығы мамандарының қатысуымен ақпараттық кездесу өтті. Кездесудің мақсаты – электронды еңбек биржасының мүмкіндіктерін таныстыру және еңбек нарығындағы өзекті мәліметтерді оқушыларға жеткізу.

05.12.2025

“Таза Қазақстан”

“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында “КМНГ саябағында” кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікке мектеп оқушыларының өз еркімен 8–10 сынып оқушылары белсенді қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа табиғатты аялау, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру болды. Сенбілік жұмыстары аяқталғаннан кейін ашық алаңда “Прокурорға 100 сұрақ” айдары өткізіліп, оқушылар мен мұғалімдер көкейіндегі маңызды сұрақтарын қойып, жан-жақты мазмұнды ақпарат алды.

05.12.2025

«ДосболLIKE»

«ДосболLIKE» достық қолын ұсыну акциясы аясында оқушылар бір-біріне көмек қолын созды.

05.12.2025

“Smart Bala”

17- қарашада “Smart Bala” жобасы аясында 6-сынып оқушылары үшін информатика пәні мұғалімі Н. Терекқызы жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, 3D форматтағы электронды кітапша құрастыру бойынша қызықты да мазмұнды шеберлік сабағын өткізді. Оқушылар заманауи технологиялармен жұмыс істеп, өз қиялдарын шынайы 3D үлгіде жүзеге асыруды үйренді. Бұл сабақ әрі дәріс, әрі шығармашылық тәжірибе ретінде өте жоғары деңгейде өтті.

05.12.2025

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 💐

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 💐 Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңінде Экономика бағыты бойынша мектебіміздің 11-сынып оқушысы Ерденбай Ақырыс жүлделі ІІ орынды иеленді. Жетекшісі – Ондасынов Әлішер Бақтығалиұлы. Оқушымыздың бұл жетістігі – еңбектің, ізденістің және ұстаз бен шәкірт ынтымағының нәтижесі. Ақырысқа шығармашылық шабыт, жаңа белестер тілейміз!

05.12.2025

“Жауапкершілік – адамгершілік қасиеттің көрінісі”

Апта “Жауапкершілік – адамгершілік қасиеттің көрінісі” дәйексөзімен бастау алды. Апта аясында бастауыш сыныптарда осы тақырып төңірегінде тәрбиелік мәні зор сынып сағаттары өтті. Оқушылар жауапкершіліктің мәнін түсініп, бір-біріне құрметпен қараудың маңызын талқылады. Ал жоғары сыныптарда “Буллингтен қорған” тақырыбында сынып сағаттары өткізіліп, жасөспірімдерге буллингтің түрлері, одан қорғану жолдары және қауіпсіз қарым-қатынас орнату туралы ақпарат берілді.

05.12.2025

“Жасөспірімді зорлық-зомбылықтан қорғаудың негізі – сенім мен жеке шекараға құрмет”

Ата-аналарды педагогикалық қолдаур орталығының жоспарына сай, қараша айының 13-і күні  5-9 сынып оқушыларының ата- аналарына “Жасөспірімді зорлық-зомбылықтан қорғаудың негізі – сенім мен жеке шекараға құрмет” тақырыбында дәріс өткізілді. Дәрісті М. Чабаева мен М. Маратқызы жүргізді. Дәріс барысында жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ата-ананың рөлі, сенімді қарым-қатынас орнату, жеке шекара ұғымы және оны сақтау жолдары талқыланды. Ата-аналар өз балаларының психологиялық қауіпсіздігін сақтау бойынша маңызды ақпарат алды.

05.12.2025

“Сапалы ұйқы: балалардың дамуы мен денсаулығының іргетасы”

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспарына сай, қараша айының  14-і күні 1–4 сынып ата-аналарына “Сапалы ұйқы: балалардың дамуы мен денсаулығының іргетасы” тақырыбында дәріс өткізілді. Дәрісті А. Еңсегенова мен Г. Әбитова жүргізді. Дәріс барысында ата-аналарға балалардың сапалы ұйқысы олардың денсаулығы, эмоционалдық тұрақтылығы және оқу жетістігі үшін қаншалықты маңызды екені түсіндірілді. Сонымен қатар, ұйқы режимін дұрыс қалыптастыру жолдары талқыланды.