Меню KDT

Новости

Главная Новости

03.11.2026

«Әділдік өзіңнен басталады!»

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Батыр Баян атындағы мектеп-гимназиясы» КММ-нің 11-сынып оқушыларына арналған «Әділдік өзіңнен басталады!» тақырыбында интерактивті алаң өткізілді.

03.11.2026

“Ауыл мектебі-сапа алаңы”

Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 30.10.2026ж. күні директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Джексенбаеваның ұйымдастыруымен “Ауыл мектебі-сапа алаңы” жобасы аясында “Шығармашылық,интеллектуалды әлеуеті жоғары дарынды және талантты оқушылардың даму траекториясын үзіліссіз жүргізу”тақырыбында магниттік мектептер Жайсан,Алға,Еңбекші орта мектептерінің мұғалімдерінің қатысуымен тәжірибе алмасу семинары өтті.Өткізілген семинар мазмұны жағынан өзекті, танымдық тұрғыдан құнды әрі тәжірибелік маңызы жоғары болды. Семинар барысында дарынды және талантты оқушыларды анықтау, олардың жеке қабілеттері мен шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, интеллектуалдық әлеуетін арттыру жолдары кеңінен қарастырылды.

Іс-шара барысында оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, әрқайсысының қабілетіне сай даму траекториясын құрудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар мұғалімнің дарынды оқушымен жұмыс жасаудағы рөлі, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану, зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерін шыңдау мәселелері қамтылды.

Семинардың ұтымды тұсы – теориялық ақпараттың практикалық тапсырмалармен ұштастырылуы, өзара тәжірибе алмасу және жаңа идеялармен бөлісу мүмкіндігінің берілуі. Ұсынылған әдістер мен тапсырмалар педагогтердің кәсіби тәжірибесін толықтыруға ықпал етті.

Қорытындылай келе, бұл семинар әрбір оқушының бойындағы қабілетті дер кезінде байқап, оны жүйелі әрі үздіксіз дамыту қажеттігін тағы бір мәрте көрсетті. Дарынды оқушыны қолдау – тек білім беру емес, оның болашақтағы тұлғалық және кәсіби қалыптасуына жол ашу. Семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

03.11.2026

Оқуға құштар мектеп

2026 жылдың 3 қараша күні «№ 2 Новоишим орта мектебі» КММ-де «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 20 минуттық оқу жалғасуда.

03.11.2026

Кәсіптік бағдар беру кездесуі

М. Қозыбаев атындағы СҚУ-дың агротехнологиялық факультетінің өкілімен кәсіптік бағдар беру кездесуі«№2 Новоишим орта мектебі» КММ- де 11-сынып оқушылары М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің Агротехнологиялық факультетінің өкілімен өткен кәсіптік бағдар беру кездесуіне қатысты.