17- қарашада “Smart Bala” жобасы аясында 6-сынып оқушылары үшін информатика пәні мұғалімі Н. Терекқызы жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, 3D форматтағы электронды кітапша құрастыру бойынша қызықты да мазмұнды шеберлік сабағын өткізді. Оқушылар заманауи технологиялармен жұмыс істеп, өз қиялдарын шынайы 3D үлгіде жүзеге асыруды үйренді. Бұл сабақ әрі дәріс, әрі шығармашылық тәжірибе ретінде өте жоғары деңгейде өтті.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 💐 Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңінде Экономика бағыты бойынша мектебіміздің 11-сынып оқушысы Ерденбай Ақырыс жүлделі ІІ орынды иеленді. Жетекшісі – Ондасынов Әлішер Бақтығалиұлы. Оқушымыздың бұл жетістігі – еңбектің, ізденістің және ұстаз бен шәкірт ынтымағының нәтижесі. Ақырысқа шығармашылық шабыт, жаңа белестер тілейміз!
Апта “Жауапкершілік – адамгершілік қасиеттің көрінісі” дәйексөзімен бастау алды. Апта аясында бастауыш сыныптарда осы тақырып төңірегінде тәрбиелік мәні зор сынып сағаттары өтті. Оқушылар жауапкершіліктің мәнін түсініп, бір-біріне құрметпен қараудың маңызын талқылады. Ал жоғары сыныптарда “Буллингтен қорған” тақырыбында сынып сағаттары өткізіліп, жасөспірімдерге буллингтің түрлері, одан қорғану жолдары және қауіпсіз қарым-қатынас орнату туралы ақпарат берілді.
Ата-аналарды педагогикалық қолдаур орталығының жоспарына сай, қараша айының 13-і күні 5-9 сынып оқушыларының ата- аналарына “Жасөспірімді зорлық-зомбылықтан қорғаудың негізі – сенім мен жеке шекараға құрмет” тақырыбында дәріс өткізілді. Дәрісті М. Чабаева мен М. Маратқызы жүргізді. Дәріс барысында жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ата-ананың рөлі, сенімді қарым-қатынас орнату, жеке шекара ұғымы және оны сақтау жолдары талқыланды. Ата-аналар өз балаларының психологиялық қауіпсіздігін сақтау бойынша маңызды ақпарат алды.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспарына сай, қараша айының 14-і күні 1–4 сынып ата-аналарына “Сапалы ұйқы: балалардың дамуы мен денсаулығының іргетасы” тақырыбында дәріс өткізілді. Дәрісті А. Еңсегенова мен Г. Әбитова жүргізді. Дәріс барысында ата-аналарға балалардың сапалы ұйқысы олардың денсаулығы, эмоционалдық тұрақтылығы және оқу жетістігі үшін қаншалықты маңызды екені түсіндірілді. Сонымен қатар, ұйқы режимін дұрыс қалыптастыру жолдары талқыланды.