Меню KDT

Новости

Главная Новости

29.12.2025

«Өңірлік еңбек нарығындағы жағдай»

2025 жылғы 17 желтоқсанда мектебімізде 8–9 сынып оқушыларына арналған «Өңірлік еңбек нарығындағы жағдай» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараны кәсіптік бағдар жетекшісі Бекдаулетова Жанаргүл Жалғасқызы жүргізді. Мақсаты – оқушыларды өңірдегі еңбек нарығының қазіргі жағдайымен таныстыру, сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат беру және болашақ мамандық таңдауға бағыттау.

29.12.2025

«Жан дүниеміз жарқын болсын!»

«№1ЖББМ»КММ-де 08 -19  желтоқсан күндері аралығында өткізілетін «Жан дүниеміз жарқын болсын!» тақырыбындағы психология саласы онкүндігі жоспарына сәйкес мектептің дефектологі ерекше білімді қажет ететін оқушылармен "Өмір ең қымбат сый!" тақырыбында сабақ өтті. Ұраны:"Өмірді бағалай біл!"

29.12.2025

«Мен және менің болашақ мамандығым»

📚 «Мен және менің болашақ мамандығым» тақырыбында сынып сағаты өтті Желтоқсан айында 1–4 бастауыш сынып оқушыларына арналған «Мен және менің болашақ мамандығым» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. 🎯 Мақсаты: Оқушыларға мамандықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру; Өз қабілеті мен қызығушылығын анықтауға көмектесу; Болашақ мамандық таңдауға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

29.12.2025

«Мамандықтар әлемі»

📌 «Мамандықтар әлемі» тақырыбындағы танымдық тренинг өтті 5-желтоқсан күні «Еңбек адал – жас өрен» жобасы аясында оқушыларға арналған «Мамандықтар әлемі» тақырыбында атлас карта жинақтау тренингі ұйымдастырылды. 🎯 Тренингтің мақсаты: Жастарға мамандықтар туралы нақты әрі пайдалы ақпарат ұсыну; Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтармен таныстыру;

29.12.2025

“Сенім көпірі”

Психологиялық тренинг: “Сенім көпірі” Тренингтің мақсаты: Оқушылар арасындағы өзара сенім мен тиімді қарым-қатынасты нығайту, ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

29.12.2025

🌸 Қызым, саған айтамын 🌸

🌸 Қызым, саған айтамын 🌸  Мектебімізде 19.12.2025ж күні  5–11 сынып оқушы қыздарымен мектеп медбикесінің қатысуымен тәрбиелік маңызы зор кездесу өтті. Жиын барысында «Салтанат» қыздар ұйымының мақсаты мен атқаратын жұмыстары таныстырылып, қыз баланың денсаулығы, жеке бас гигиенасы, сондай-ақ жасөспірімдік кезеңдегі физиологиялық және психологиялық өзгерістер туралы пайдалы мәліметтер берілді.

29.12.2025

«Жасөспірім: қауіптің белгілері және қорғану тәсілдері»

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы аясында дәріс өтті 17 - нші желтоқсан күні Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспарына сәйкес 5–9 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Жасөспірім: қауіптің белгілері және қорғану тәсілдері» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәрістің мақсаты – жасөспірімдер арасындағы қауіп-қатер белгілерін дер кезінде байқау

29.12.2025

«Сапалы ұйқы. Цифрлық қауіпсіздік және баланы онлайн ортада қорғау»

Ата- аналарды педагогикалық қолдау орталығы жоспарына сай «Сапалы ұйқы. Цифрлық қауіпсіздік және баланы онлайн ортада қорғау» тақырыбында дәріс өтті 15-нші желтоқсан күні 1–4 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Сапалы ұйқы: цифрлық қауіпсіздік және баланы онлайн ортада қорғау» тақырыбында танымдық дәріс ұйымдастырылды. Дәрістің негізгі мақсаты – балалардың сапалы ұйқысының маңызын түсіндіру

29.12.2025

"Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың, буллингтің алдын-алу"

2025 жылдың 26-шы желтоқсан күні мектеп инспекторы полиция подполковнигі Р.Спатаева және Қарасай ауданы Ішкі Істер басқармасының көші-қон полиция бөлімшесінің аға инспекторы полиция майоры Б.Бекжігітұлы «Мектеп оқушылары арасында әлімжеттік пен бопсалаудың алдын-алу, құқықбұзушылықты болдырмау», "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың, буллингтің алдын-алу", "Кибербуллингтің алдын-алу"