23-ақпан күні «Біздің міндет – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» ұраны негізінде Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы Бас Ассамблеясының Қарарына сәйкес 1-наурыз Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күні қарсаңында мектебіміздің алғашқы әскери дайындық пән мұғалімі Бекжан Құрманғазы Жамбылұлы №38 мектеп-лицей қызметкерлерін төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекет пен өрт кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, видео ақпарат көрсетті.

Ауған соғысының аяқталғанына тура 30 жыл. Астана қаласы №38 мектеп-лицейі осы айтулы шараға орайластырылып, Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізді. 10 жылға созылған соғыстың құрбандарын еске алып, ерлікпен оралған ауғандықтарды құрметтеу үшін Баренов Ерлан Рускалиевич, Баренов Ербол Рускалиевич, Ильченко Владимир Леонидович, Оспанов Жанайдар Советович арнайы шақырылған меймандар қатарында болды.

Кездесу барысында мектепоқушылары ауған соғысы ардагерлеріне көкейдегі сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.Ардагерлер де өз тараптарынан сынып оқушыларына батырлық ерлік туралы кітап пен ту, төсбелгілер табыстады. Кездесу соңында оқушылар ардагерлермен естелік суреттерге түсіп, қолтаңба алды.

Астана қаласы №49орта мектебінде ағымдағы жылдың 27-ші ақпанында «Ата-ана, мектеп, оқушы»

КӨПТІЛДІЛІК ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР

2019 жылдың 26 ақпанында Астана қаласы Білім беруді жаңғырту орталығымен бірге ұйымдастырылған №53 мектеп-лицейде «Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытудың қиындықтары мен шешу жолдары» атты қалалық семинары өтті. Семинарға 70 мұғалім қатысты. Астана қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының директоры Г.К.Ибраева, директордың орынбасары А.А.Кауенова, әдіскері А.А.Төлеубекова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, «Ustaz» кәсіби білім беру орталығының қызметкерлері, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы үштілдік білім орталығының директоры мен аға қызметкерлері қатысты. Іс-шараға «Өркен» желілік қауымдастығындағы мектептері: №48МЛ,70МЛ, 72МЛ,77МГ,85МЛ және қала мектептерінен жаратылыстану ғылыми бағыттағы пән мұғалімдері іс-тәжірибемен алмасты. Семинарда информатика, химия, физика, биология сабақтарынан шеберлік сыныптары мен коучингтер, ашық сабақтар мен кіріктірілген сабақтар көрсетілді. Семинардың алғы сөзін Астана қаласы білім беруді жаңғырту орталығының директоры Ибраева Гульнара Кульмуханбетовна мен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы үштілдік білім орталығының директоры Жуманова Сара Сейтовна сөз алып , кластердегі мектептердің ұстаздарына осы жобада сәттілік тіледі. №53 мектеп-лицей директоры Киянова Замзагул Ертаевна көптілділік кластердің жұмысын айтып, жетекші, тірек мектептермен тығыз байланыста жұмыс жүргізіліп жүргенін сөз етті. Мектеп психологтары семинарға қатысушылармен психологиялық ахуал тудыру мақсатында тренинг өткізді.

Ақпанның 26-сы күні «Ұлы даланың жеті қыры» және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша 7 сыныптар арасында командалық тарих пәнінен интеллектуалды ойын өтті.

Интеллектуалды ойын 5 кезеңнен тұрды.

1 кезең Бәйге

2 кезең Полиглот

3 кезең Жорға

4 кезең Көрініс

Сайыстың қорытындысы бойынша бас жүлдеге 1 орын-7 А сыныбы, 2орын - 7 «Ғ» сыныбы, 3 орынға - 7 «Ә» сыныбы ие болды.

26 ақпан күні «Парасат» мектеп-лицейінде «Жаhандық тарихтағы Ұлы даланың орны» атты аудандық ғылыми – тәжірибелік конференция өтті.
8-сынып оқушылары "Жасөспірімдік кезең және бала құқығы" тақырыбымен өткен қазақ тілі сабағында "Кәмелеттік жасқа толмаған", "Кәмелеттік жасқа толған" балалардың құқықтары мен міндеттерін талдау үстінде

Мектебіміздің жас маманы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қажығалиев Әкежан Мақсатұлы Мамлют ауданында өткен «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» жас педагогтардың ІІІ Республикалық байқауының аудандық кезеңіне қатысып Гран-при жеңіп алды. Жаста болса биік асуларды бағындырып, белсенділік танытып, үнемі ізденісте жүретін жаңашыл ұстазымызға облыстық кезеңде жақсы нәтижеге қол жеткізуге сәттілік тілейміз.

Апталық аясында 3 «А» және 3 «Г» сынып жетекшілері Омаршаева Нағима Таласбековна мен Мамекова Гульмира Сагуовна оқушыларымен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық орталығына жаратылыстану пәнінен «Зымырандар қай жерден ұшады?» тақырыбында сабақ өткізді. Бұл сабақ барысында ғарыш орталығына саяхат жасалып, тарихта есімі алтын әріппен жазылған, «Халық қаһарманы» Айымбетов Айдын Ақанұлымен кездесіп, оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, ғарыш туралы кітаптарына естелік ретінде қолтаңбасын алды. Оқушылар өздерінің шығарған өлең жолдарын арнап, 48 мектеп-лицейдің атынан әрқашан «Асығыңыз алшысынан түссін» деп жазылған тілекпен кәде-сый ұсынылды. Бұл саяхат сабақ оқушылардың естерінде ұзаққа сақталары анық.