Меню KDT

Новости

Главная Новости

01.09.2018

1 Қыркүйек-Білім күні!

Биылғы 2018-2019 оқу жылында №15 мектеп-лицей оқушыларына
Білім күніне арналған алғашқы қоңырау соғылды. Білім күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астананың 20 жылдығына арналған «Мен-өз елімнің патриотымын» атты білім күніне арналды.

01.09.2018

Білім күні құтты болсын!

Білім күні құтты болсын!

2018 жылдың 1 қыркүйегі күні Астана қаласы №8 орта мектептің  «1- қыркүйек –Алғашқы қоңырау » салтанатты ашылу жиыны  №16 орта мектеп  базасында өткізілді. Жазғы демалыстарын тиімді ұйымдастыра білген мектеп оқушылары білім шаңырағын ,сондай-ақ сыныптас достары мен ұстаздарын сағынып қалғандықтарын жасырған жоқ.

01.09.2018

"Сыңғырла күміс қоңырау!" атты алғашқы қоңырау іс-шарасы

Бүгін Астана қаласы #74 мектеп-гимназиясында Астана қаласының 20 жылдығына орай "Сыңғырла, күміс қоңырау" атты алғашқы қоңырау салтанатты жиыны болып өтті. Бұл- алғаш рет мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндерге бала жүрегінде мәңгілік өшпес ізін қалдыра отырып, жеңістерге жетелейтін сәт. Бүгін бұл бүлдіршіндер мектеп табалдырығын аттаса, ертеңгі күні еліміздің арқа сүйер азаматтарына айналары анық.
Мектеп директоры Нүсіпжан Жеңіскүл Темірхановна ата-аналарды, оқушыларды, ұстаздар қауымын Астана қаласының 20 жылдық мерекесімен және жаңа оқу жылымен құттықтай отырып, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
Жаңа оқу жылы барлығымызға берекелі, табысты жыл болсын!

01.09.2018

МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ БІЛІМДІ ЖАС ҰРПАҚТАРЫ

Бүгін 2018 жылдың 1 қыркүйек күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектебінде Білім күні мерекесіне

01.09.2018

Бірінші қоңырау «ЕҢСЕЛІ ЕЛОРДА, АСҚАҚТАҒАН АСТАНА»

«ЕҢСЕЛІ ЕЛОРДА, АСҚАҚТАҒАН АСТАНА»...
Астана қаласы Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектебінде бүгін «Еңселі Елорда, асқақтаған Астана» тақырыбымен Білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді. Бүгінгі білім күні Астананың 20 жылдығына, Сырбай Мәуленов мектебінің 25 жылдық мерейтойына арналды.